«Тұран» университеті академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алушылардың кросс-мәдени дағдыларын жақсартуды, шетелдік тәжірибені зерделеуді, олардың құзыреттіліктерін дамытуды қолдайды.
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығының негізгі түрлері:
- оқылатын пәндер бойынша (халықаралық несиелік ұтқырлық) кредиттерді қайта санау шартымен шетелдік серіктес ЖОО-ларда семестр немесе жыл бойы оқу
- жазғы мектептерде оқу
- ғылыми және тілдік тағылымдамалар
Академиялық ұтқырлықтың мүмкіндіктері келесі бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады:
- ҚР БҒМ жол төленетін гранты
- Erasmus +
- Mevlana үкіметаралық бағдарлама
- алмасу бағдарламасы
- академиялық ұтқырлық кезеңін өздігінен қаржыландыру
«Тұран» университеті оңдаған халықаралық серіктес ЖОО-лармен қызметтеседі. Білім алушылар академиялық ұтқырлық кезеңіне елдерді және ЖОО-ларды өздері таңдай алады. Ең танымал бағыттар:
- University of Applied Sciences Zittau/Görlitz (Германия)
- PecsUniversity (Венгрия)
- Varna Free University, Varna University of Economics (Болгария)
- Siauliai University (Литва)
- Kastamonu University (Түркия)
- БМКИ (РФ)
Халықаралық кредиттік ұтқырлықтың нәтижесі – шетелдік жоғары оқу орындары ұсынған кредиттер мен үлгерімділік баллдарды трансферлеу. Академиялық ұтқырлық шеңберлерінде өзара мойындау механизмі және пәндерді қайта санау 05.09.2011 ж. ECTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта санау реті бойынша Қосымша келісімі арқылы жүзеге асырылады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының үйлестірушілері:
- Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басқарушысы (офис 707) – ішкі академиялық ұтқырлық кіріс және шығыс бағдарламасы
- Офис тіркеуші(офис 305) – ішкі академиялық ұтқырлық кіріс және шығыс бағдарламасы
Академиялық ұтқырлықты ұйымдастырудың маңызды шарты – үйлестірушілерге өтінім бермес бұрын шетелде оқу жөнінде барлық мәліметтерді біліп алу:
- ЖОО-лар арасында серіктестік туралы келісімшарттың болуы
- шетелдік ЖОО-лардың оқу бағдарламасында керекті пәндердің болуы
- қабылдап жатқан ЖОО-ның талаптары
- визалық мәселелер
- тұру жағдайы
«Халықаралық ынтымақтастық» бөлімінде академиялық ұтқырлық кезеңіне дайындалу процессі туралы толығырақ.