Ағылшын тілінен Республикалық олимпиадасындағы «Киноөнер» кафедрасының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 In Жаңалықтар

2021 жылдың 14-15 сәуірінде Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шығармашылық мамандықтарының студенттері арасында ағылшын тілінен олимпиада өтті.

Конкурсқа қатысуға республиканың 12 оқу орнынан 52 өтінім берілді. Олардың қатарында Қазақ ұлттық өнер университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, ҚазБСҚА, «Тұран» университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, “Сымбат” дизайн және технология академиясы, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжі және т. б. 1 турдан кейін финалға 29 студент өтті.

Сондай-ақ, ғылыми көзқарасы, азаматтық ұстанымы үшін қазылар алқасынан арнайы сыйлықтар берілді. (Тұран университеті, КазНК им.Құрманғазы).

Байқауға қатысушылар жастардың рухани құндылықтары, Отанға деген сүйіспеншілігі, еңбексүйгіштігі, адалдығы, мейірімділігі туралы айтты. Байқаудың қазылар алқасының құрамына Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Құрманғазы атындағы консерватория, “Шабыт” өнер университеті және Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА өкілдері кірді.

«Тұран» университетінен «Кино және теледидар академиясы» факультетінің «Кино өнер» кафедрасы қатысты. Бекболатова Мадина Бахитжановна «Режиссура» мамандығы бойынша 4 курс студенті ғылыми көзқарасы үшін 3 орын алды. Есекина Алтынай Болатқызы «Режиссура» мамандығы бойынша 1 курс студенті ғылыми көзқарас пен “FLUENT ENGLISH” үшін қазылар алқасының арнайы жүлдесін жеңіп алды. Студенттердің ғылыми жетекшісі – Окенова Баян Болатханқызы «Кино өнері» кафедрасының аға оқытушысы. Студенттерге оқуда және шығармашылықта одан әрі жоғары белестер тілейміз!

Recent Posts
Skip to content