Бейресми кездесу
Қазыналы қараша айының 17-жұлдызында “Тұран” университетінің аясында құрылған “Жас Отан” Жастар Қанаты мүшелері “Жас Отан” ЖҚ Алматы қаласы филиалының төрағасы Аxметов Мади Абылайұлымен бейресми кездесу өткізді.
Аталмыш кездесуде “Жас Отан” ұйымының болашақ жоспарлары, жастар мен жеке тұлғалық даму мәселелері және өзге де түрлі тақырыптар талқыланды.
Сонымен қатар, Мади Абылайұлы өзінің жетістікке жету жолындағы ізденістері жайлы бөлісіп, жастардың болашақ жұмыстарына күш-жігер сыйлай білді. Кездесу барысында “Бауыржан” қайырымдылық фондының қолдауымен өткен xалықаралық “Алтын жүрек” сыйлығының салтанатты кешінде еріктілер қызметінде ат салысқан жастар алғыс xатпен марапатталды.
Екі сағат уақыт аралығында студенттер өздеріне қызықты әрі пайдалы ақпарат ала алды десек еш қателеспейміз. Бұл кездесу достық орта мен көңілді кештің ұштасуымен ерекшелінді.