УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
“Тұран” университеті
“Тұран” университеті 1992 жылы Алматы қаласында құрылып, тіркелген және білім беру корпорациясының өзегі болып табылады. “Тұран” университеті бакалавриаттың 24 мамандығы, магистратураның 15 мамандығы, PhD докторантураның 5 мамандығы бойынша үш факультетте: экономикалық, гуманитарлы-заң және “Кино және теледидар академиясы” факультетінде қажетті бағыттар бойынша дайындықты жүзеге асырады.
НЕГІЗІ ҚАЛАНДЫ:
1992 жылы Алматы қаласында
СТУДЕНТТІК ӨМІР:
17000-нан астам түлек, 20-дан астам студенттік ұйымдар, 10% студент-кәсіпкерлер
АККРЕДИТАЦИЯ:
ҚР БҒМ ресми аккредитациясы
4 ФАКУЛЬТЕТ:
Foundation, Экономикалық, Гуманитарлы-заң, «Кино және теледидар академиясы»
“Тұран” университетінде студенттер мемлекеттік және университет ректорының гранты бойынша білім ала алады. Оқу озаттары қазақстандық және шетелдік компаниялар мен ұйымдардың шәкіртақысына үміткер бола алады. Осының барлығы студенттерге қазіргі қоғамның бәсекеге қабілетті ортасында жұмысқа орналасу және даму үшін сапалы білім беруге мүмкіндік береді.
Неліктен Тұран?
«Тұран» білім беру корпорациясының басшысы және университет ректоры
Алшанов Рахман Алшанұлы
“Тұран” университетінің ректоры және негізін қалаушы, Халықаралық қоғамдық туризм академиясының президенті, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының вице-президенті, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқа мүшесі.
Туран туралы қызықты деректер
“Тұран” университеті – бұл оқытудағы инновациялық тәсілдер, тәжірибеге бағытталған курстар және ерекше іскерлік орта.
1992
“Тұран” университеті Қазақстандағы ең алғашқы жекеменшік ЖОО болып табылады. Ол 1992 жылы “Тұран” білім беру корпорациясының, толық циклді білім беру ұйымының бір бөлігі ретінде құрылған.
Жыл сайын мыңнан астам талапкерлер университет студенттерінің қатарын толықтырып отырады, сондай-ақ жыл сайын білімді, білікті жас мамандар университеттен түлеп ұшады.
Біздің кампус туралы
Көптеген студенттер үшін университет уақыты үлкен өмірге алғашқы қадам болып табылады және университеттің міндеті — барлық білім алушыларға барынша қолайлы ортаны қамтамасыз ету.