Бүгін «Тұран» университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тіл – достықтың алтын көпірі» республикалық білім беру онлайн-акциясының баспасөз конференциясы өтті.

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

Бүгін «Тұран» университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тіл – достықтың алтын көпірі» республикалық білім беру онлайн-акциясының баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына: Алматы қаласы әкімінің аппараты тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы – Ахетов Мамай Қаниұлы; А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директорының орынбасары – Құлманов  Сәрсенбай  Қуантайұлы; ф.ғ.к., доцент, фантаст-жазушы, диктант мәтінінің авторы – Кенжеғұлова Нарбинь Смағұлқызы; режиссер, театр және кино актері, университетіміздің түлегі  – Калимбетов Қажымұқан және БАҚ өкілдері қатысты. Республикалық білім беру онлайн-акциясының мақсаты – ұрпағымыздың назарын мемлекеттік тілді үйренуге аудару, сауаттылық деңгейін арттыру және күнделікті өмірде, кәсіби салада сауатты сөйлеудің маңыздылығын сезіну. Акция аясында өз ана тілін үйренгісі келетіндердің барлығына жаппай диктант жазылады. Іс-шара синхронды түрде еліміздің әртүрлі қалаларында 2021 жылғы 29 мамырда сағат 11.00-де онлайн түрде өтеді.

«Тіл – достықтың алтын көпірі» республикалық білім беру онлайн-акциясының серіктестері:

  • Алматы қаласы әкімдігі
  • А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
  • ҚР Ұлттық кітапханасы
  • Ж.Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы
  • Қазақстан Жазушылар одағы
  • М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі
  • М.Әуезов атындағы академиялық ұлттық драма театры
  • Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театры
  • Қалалық кардиология орталығы
  • «ДАЛА» телефабрикасы ЖШС
  • 8 media
  • Мир телеарнасы

Мәтінді айтып жаздыру үшін танымал мәдениет өкілдері, театр қайраткерлері, эстрада, кино және теледидар жұлдыздары, дипломаттар мен жазушылар, журналистер шақырылды. Біздің шақыртуымызды қабыл алып, мәтінді оқуға М. Әуезов атындағы академиялық ұлттық драма театрының актеры – Жанат Алтайұлы Тинбаев; Филология факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Тымболова Алтынай Оразбекқызы; Қалалық кардиология орталығының директоры, Алматы қаласының мәслихат депутаты, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, жоғары санатты кардиохирург – Кодасбаев Алмат Тұрысбекұлы; продюсер, журналист – Кенже Жұманұлы; 8 media-ның бас продюсері, тележүргізуші – Дина Төлепберген; аудармашы, журналист – Шыңғыс Асқарбекұлы Кіребаев; Ж.Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының басшысы – Ғазиза Құдайберген; Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрінің актері, «Алашұлы» тобының солисті Мақсат Рахмет, режиссер, театр және кино актері – Калимбетов Қажымұқан келісімін берді.

Recent Posts
Skip to content