Дайындық факультетінде оқитын студенттер “Ғұндар” этнографиялық базасына барып келді

 In Жаңалықтар

2017 жылдың 12-мамыр күні “Тұран” университетінің дайындық  факультетінде оқитын АҚШ елінен келген студенттер “Ғұндар” этнографиялық базасына барып келді. Аталған сапар қазақ мәдениеті мен салтын тереңірек білу мақсатында іске асырылды. “Ғұндар” этнографиялық базасы ұсынған бағдарламасы арқасында студенттер “Тұсау кесер” салтын, “Ат аударыспақ”, “Қыз қуу” ұлттық ойындарын тамашалап, “Қара жорға” ұлттық билерін биледі. Студенттерге бұл сапар өте ұнады және олар өздерінің қазақ мәдениетінің терең әрі бай екендігіне таң қалғандығын жасыра алмады.

Recent Posts
Skip to content