“Менеджмент” мамандығы бойынша PhD докторантура білім беру бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы білім беру, әдіснамалық және зерттеу қызметінде тереңдетілген интеграциялық ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
Докторантураның білім беру бағдарламасының негізін іргелі белгілі ғалымдардың және практиктердің авторлық курстары, профессорлық ғылыми семинарлар, лекциялар, мастер-кластар құрайды. Докторанттар ғылыми және қолданбалы ғылыми зерттеулерін Қазақстанның жетекші ғалымдар мектептері аясындағы жүргізеді.

Дәрежесі: PhD философия докторы
Екі түсу емтиханы:
– шет тілі бойынша;
– мамандығы бойынша.
Оқу нысаны: күндізгі
Оқу мерзімі – 3 жыл
Оқу тілдері – қазақша, орысша
Оқыту шарттары – оқыту мемлекеттік гранттар бойынша және ақылы негізде жүргізіледі.

Дайындаушы кафедраның стратегиялық басымдығы ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Жетекші кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, өзекті экономикалық проблемалар бойынша жүргізіледі. “Менеджмент” мамандығының докторанттары кафедраның ғылыми-зерттеу жобаларына қатыстырылады.

Іргелі ғылыми-зерттеу жобалары бойынша тақырыптар:
– Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында экономикалық өзара іс-қимылдың интеграциялық әсерлері
– Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) ынтымақтастықтың интеграциялық тиімділігі

Қолданбалы ғылыми жобалар бойынша тақырыптар:
– Қазақстан Республикасының ЖОО-да интернационализациялау процесін басқару
– Мемлекеттік және жергілікті басқару өзекті мәселелері
– Қазақстанда “жасыл” бизнесті дамыту және механизмін қалыптастыру
– Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық экожүйесін қалыптастыру

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, тұтастай алғанда, зияткерлік әлеуетін күшейтдің маңызды факторы, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді тұрақты жаңартудың негізі.

Басқарушылық талдаудың өзекті әдістерімен оқыту;
– Бизнес құрылымдардағы жұмыс пен мансап зерттеуді қисындыру;
– Докторлық диссертацияның жетекшілері менеджмент саласындағы әлемдік жетекші ғалымдар болып табылады;
– Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ҚР БҒМ БҒСБК басылымдарының ғылыми журналдар тізіміне “Тұран” университетінің Хабаршысы мерзімді басылымында ғылыми нәтижелерді жариялау мүмкіндігі;
– Оқу курстары барысында қазақстандық және шетелдік компаниялардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, сарапшы мамандармен кездесу, шеберлік сыныптары қарастырылған;
– Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруда жетекші отандық және шетелдік ғалымдар тығыз байланыстар орнатылған;
– АҚШ, Франция, Германия, Швейцария, Малайзия, Қытай, Ресей және басқа да елдердің жетекші ғылыми-білім беру орталықтарында шетелдік ғылыми жетекшілерінде міндетті ғылыми тағылымдамадан өту;
– Жетекші шетел университеттерінің стандарттарына сәйкес оқу процесіне заманауи бағдарламалармен етекші шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікті, әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдарымен белсенді халықаралық байланыстар және тәжірибе алмасу қамтамасыз етеді;
– “Тұран” университетінің Диссертациялық кеңесінде “6D050700-Менеджмент” мамандығы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға және философия ғылымдарының докторы (PhD) жоғары ғылыми біліктілігін алу мүмкіндігі.

– Теориялық және практикалық басқару негіздері
– Халықаралық менеджмент
– Қазіргі кезеңде бизнесті жүргізудің ерекшеліктері
– Стратегиялық басқару және контроллинг
– Басқарудың шетелдік тәжірибесі
– Қазақстандық бизнесті дамытудың қазіргі заманғы үрдістері
– PhD Proposals for Publications

Сабақты тәжірибелі, жоғары білікті оқытушылар, сондай-ақ ірі қаржы және өнеркәсіптік құрылымдардың көшбасшылары, бизнес-қауымдастықтар жүргізеді  Лекторлар педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін сәтті үйлестірумен қатар ғылыми басылымдарда шетелдік университеттер және басқа да ғылыми орталықтарда ғылыми мақалалар, баяндамалар, тезистер, оқу құралдары мен монографияларды жариялап тұрақты шығарып отырады. Олар жақын және алыс шет елдердегі, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға, байқауларға қатысады. Сондай-ақ, кафедра өкілдерінің барлығы талантты ғалымдар мен ғылыми зерттеушілер, түрлі атақтар, марапаттар, сыйлықақылар иегері:

Алшанов Рахман Алшанұлы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Тұран» білім беру корпорациясының президенті, Қазақстан Республикасы ЖОО Ассоциациясының президенті, «Қазақстан Республикасының Құрметті білім қызметкері» атағының иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Парасат» және «Халықтар достығы» ордендерінің иегері, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, ҚР БҒМ алқа мүшесі.

Тусупова Лейла Амангелдіқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Тұран» университетінің Сыртқы байланыс, халықаралық аккредитация жəне жоғарғы оқу орыннан кейінгі білім жөніндегі проректоры. «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін», «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері. Оқытатын пәндері: Экономикалық ғылым теориясы, Институционалдық экономикалық теория, Қоғамдық таңдау теориясы, Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу.

Тәменова Салтанат Сарсенбайқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі. ҚР БҒМ «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері, Ғылыми қызығушылық саласы: академиялық еркіндікті кеңейту жағдайында ЖОО стратегиялық басқару. Қазақстан жоғары білім беру жүйесінде оқытушылықтан ғылым жөніндегі проректорлыққа дейінгі жұмыс тәжірибесі мол. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі магистратура бағдарламасының директоры, МВА бизнес-білім беру факультетінің қалыптасуына декан ретінде қатысушы.  Бизнес-консалтинг, сондай-ақ “МҒТС ҰО”, НААР, АӨҚО Рейтингтік Агенттігі жұмыс бойынша сарапшы ретінде практикалық жұмыс тәжірибесі бар. Экономика және менеджмент саласында 50-ден аса ғылыми жарияланымдары монографиялар, оқу құралдары мен ғылыми мақалалары бар.

 

Құлымбетова Ләззәт Балтабайқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қазтұтынуодағының “Тауартану және сауданы азық-түлік тауарларын ұйымдастыру” мамандығы бойынша Қарағанды кооперативтік институтын Бітірген, Халықтар достығы кооперативтік институты Мәскеу орденді, “Технология сауда процестер”. 2009 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 30 жыл. Экономика, менеджмент саласында 80-нен астам ғылыми жарияланымдары бар, оның ішінде: 2 монография, 1 халықаралық глоссарий, 5 оқу құралы, 2 мақала импакт-факторы бар. Оқытатын пәндері: Стратегиялық менеджмент

Бекназарова Айман Төлепбергенқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор. 45-тен астам ғылыми жарияланым және оқу-әдістемелік құралдар авторы болып табылады: “Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның дамуы”, “Кәсіпорын экономикасы”, “Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру”. Оқытатын пәндері: «HR – менеджмент».

 

Бөкейханова Тамара Қошқарбайқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 35 жыл. Экономика және менеджмент саласында 40-тан астам ғылыми басылымдары бар. Университет  студенттер мен магистранттарына Менеджмент, Персоналды басқару, Көшбасшылық, Ұйымдастырушылық мінез-құлық пәндерінен дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Боровская Ирина Леонидовнаэкономика ғылымдарының кандидаты, доцент. Көптеген ғылыми және әдістемелік жарияланымдарға, Алматының көптеген жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық тәжірибеге ие. Бакалавриат және магистратура деңгейінде Бизнесті ұйымдастыру, Бизнеске кіріспе, Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі, Шағын және орта бизнесті басқару, Фирманың экономикалық қауіпсіздігі және басқа да пәндерді оқытады. 2014-2015 оқу жылында Экономика факультетінің үздік эдвайзер-кураторы.

Шакирова Гүлнәр Амангелдіқызы – іскерлік әкімшілік докторы, ХАА академигі,  «ID-Group» ғылыми-практикалық орталығының бас директоры. ҚР білім және ғылым министрінің білім беруді дамытуға қосқан үлесі Құрмет грамотасының иегері (маусым 2007ж.); «Атамекен» қазақстандық «PR-шы» PR-кәсіпқойларының клубының, «ZERE» корпорациясы, «CAT-corporation», «Junior Achievement Kazakhstan» ынтымақтастық және консалтингтік қолдау алғыс; «Үздік жұмыс беруші» Сенім ұлттық конкурсында 1-орын марапаты, (жобаны толық жүргізу). Бизнес-тренер, консультант, 3500-ден астам авторлық бағдарламалар мен түрлі компаниялардың қызметкерлерін оқыту үшін келесі бағыттар бойынша: “Келіссөздерді жүргізу”, “Жобаларды басқару”, “Инновациялық HR”, “АРС және практика”, “Тайм-менеджмент”, “Конфликтология”, “Психология сату/коммуникация”, “Өзгерістерді басқару”, “Көшбасшылық” және “Менеджмент” және т.б. курстардың вторы болып табылады.

 

Дүйсен Ғалымжан Мұстахимұлы – экономика ғылымдарының докторы, доцент, ҚР БҒМ ҒК Р.Б.Сулейменов атындағы шығыстану институты директордың ғылым бойынша орынбасары. Қазақстан Республикасы дарынды жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2006-2008 жж.), С. Е.Толыбекова атындағы сыйлықтың лауреаты (2005 ж.). ҚР БҒМ “ҚР ғылымын дамытудағы жетістіктері үшін” төсбелгісінің иегері (2016 ж.), Жас зерттеушілерге арналған экономикалық дамудың проблемалары жөніндегі халықаралық семинарды бітіргені туралы сертификат (International Seminar of Young Scholars on Economic Development Issues, GSCASS, China) (Жоғары мектебі АОН Қытай, Пекин қ., 20-тамыз-17 қыркүйек 2012 ж.); “Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру және әдістемелік жобалау негіздері” сертификат (Қазұу. әл-Фараби атындағы қазұу, 2014 ж.); “Models of Balanced Growth” сертификат (University of Washington, Seattle, Қазұту. К. И. Сатпаева, 2014 ж.) және т.б. Мына пәндер бойынша: “Қазіргі менеджмент”, “Нарықтық экономиканың негіздері”, “Инновациялық ғылыми-зерттеулерді жобалау”, ” Жобаларды басқарудағы аймақтық саясат” және т.б. қазақ және орыс тілдерінде студенттерге, магистранттарға және докторанттарға дәріс оқиды.

 

Исмағұлова Хадиша Уалиоллақызы –  «КазСерт»Алматы» ЖШС – нің директоры, сапа жүйелерінің аудиторы (Украина сапа қауымдастығы), сапа жүйесінің менеджері (Еуропалық сапа ұйымы), сапа саласындағы басшылығының уәкілетті өкілі, сапа менеджменті жүйесінің сарапшы-аудиторы. Мына ұйымдарда аудит жүргізу жұмыстарына қатысты: ҚР Президент Кеңсесі, Президент Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі, Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі, “ҰК” Продкорпорация ” АҚ, “Қазтрансгаз” АҚ, “Казахинстрах” ЖШС және т.б.

Пәндер, тренингтер, семинарлар, курстар: Сапа менеджменті, Сапа менеджменті жүйесін енгізудің өзектілігін және т.б.

Роланд Гизе – экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қолданбалы ғылымдар университетінің проректор Циттау/Герлих, Германия. Оқытылатын курстар: “Foreign experience of management”, “Стратегиялық контроллинг”.

 

Толымбек Алмаз – PhD, профессор, Дельта Халықаралық Университеті (DIU), Канада. МВА және МРА бағдарламалар профессоры. Оқытатын курстары: Strategic management, Theory and Practice of Modern Leadership, Халықаралық бизнес, Канада және АҚШ қаржы нарығы, Зерттеу әдіснамасы, Қаржылық қызмет көрсету, Адам ресурстарын басқару.

– М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті, Ресей
– Санкт-Петербург Мемлекеттік Экономикалық Университеті, Ресей
– University of Applied Sciences / Hochschule Zittau/Görlitz , Германия
– The Pennsylvania State University (Penn State University), США
– University of Pécs / Pécsi Tudományegyetem, Венгрия
– University of Economics – Varna, Болгария,
– Asia Pacific University of Technology & Innovation, Малайзия
– Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы Университеті, Ресей;
– Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты, Қазақстан;
– Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты;
– ABC Bank Almaty Training Centre;
– ID-GROUP Халықаралық кәсіпкерлік академиясы;
– Халықаралық Көшбасшылық Институты (International Leadership Institute), Қазақстан;

Халықаралық ынтымақтастық жаһандану және халықаралық интеграция жағдайында білім беру қызметінің маңызды құрауыштарының бірі болып табылады. “Тұран” университеті орнатылған халықаралық байланыстар аясында шетелдік стандарттарға сай кәсіби мамандарды даярлау, дамыту, халықаралық ұйымдармен және оқу орындарымен (әріспес ЖОО-да), бірлескен жобалармен жұмыс істеу, дәріс оқу, бизнес-тренингтер өткізу және т.б. шараларды ұйымдастыруға ұмтылады.

Сізде стипендиялық бағдарламалар мен академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік бар:
– “Болашақ” халықаралық стипендиясы;
– ҚР БҒМ гранттары;
– Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қорының стипендиясы;
– «UnionPay халықтық білім беру»/«Halyk Education with UnionPay» scholarship program» стипендиялық бағдарламасы;
– Chevening британ өкілдік стипендиясы;
– Fulbright стипендиясы, АҚШ;
– ERASMUS+Бағдарламасы;
– Герман академиялық алмасулар қызметі (DAAD) (German Academic Exchange Service);
– «UnionPay халықтық білім беру»/«Halyk Education with UnionPay» scholarship program» стипендиялық бағдарламасы; • Конрад Аденауэр атындағы Қор өкілдігінің стипендиялық бағдарламасы (Konrad-Adenauer-Stiftung e.V.), Германия;
– “MEVLANA” академиялық алмасу бағдарламасы, Түркия;
– Эдмунда Маски бағдарламасы (Muskie), АҚШ;
– “Конфуций Институтының Шәкіртақылары” бағдарламасы, Қытай;
– Endeavour Awards Халықаралық білім беру бағдарламасы, Австралия;

Сізде, халықаралық студенттік ұйымдар мен қауымдастықтар мүшесі атанып, пайдалы практикалық әлеуметтік және кәсіпкерлік тәжірибе алуғамүмкіндік бар:
– Әлеуметтік тағылымдама халықаралық бағдарламасы AIESEC;
– Кәсіпкерлік студенттік жобалардың халықаралық бағдарламасы ENACTUS;
– “Үштік Спираль” халықаралық қауымдастығы (Triple Helix).

“Тұран” университеті жетекші шетелдік серіктес-университеттермен келісімдер шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады:
– London School of Marketing, Ұлыбритания
– University of Pécs / Pécsi Tudományegyetem, Мажарстан
– Virginia International University, АҚШ
– University of Applied Sciences / Hochschule Zittau/Görlitz , Германия
– Asia Pacific University of Technology & Innovation, Малайзия
– Eastern Mediterranean University, Кипр
– Варна – Экономикалық университеті / University of Economics – Varna, Болгария
– М.В.Ломонос ат. Мәскеу Мемлекеттік Университеті / Moscow State University
– Бүкілресейлік Сыртқы Сауда Академиясы / Russian Foreign Trade Academy
– Санкт-Петербург Мемлекеттік Экономикалық Университеті / Saint-Petersburg State University of Economics
– Әлемдік Экономика және Қаржы институты / Institute of World Economics & Finance
– Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы Университеті / Financial University under the Government of the Russian Federation
– СИНЕРГИЯ Университеті, Ресей
– Әзербайжан Мемлекеттік Экономикалық Университеті /Azerbaijan State University of Economics / Azərbaycan Dövlət İqtisad Universiteti
– Hitit University / Hitit Üniversitesi, Түркия

Студенттік ұйымдар қызметінде көмектесіп білім алушыларға бейімделуге, университетте өзін-өзі ашу үшін мүмкіндіктер жүзеге асыру, қоғамда дарындылығын көрсетеді, студенттерге қалай жүзеге асыруға университетте стандартты емес жобалар мен ерекше идеялар беріп, өз өмірін жан-жақты және ыңғайлы етеді. Студенттер өзін-өзі іске асыру түрлі бағыттар бойынша студенттік өмірді білдіретін синтез, жастар ұйымдары мен бірлестіктердің бизнес, журналистика, туризм, спорт, мәдениет және т. б. барлық мүмкіндігі бар.

Докторлық дәреже иегерлерін заманауи экономика ғылымы ұтқырлық мансап келешегіне жетелейді. Докторантурада алған білім академиялық сала және одан тыс іскерлік дағдылар мен мансап даму және жұмысқа орналасу перспективалары айтарлықтай жақсартады. Докторлық жәрежені алу маманның ғылыми-зерттеу, жобалау-экономикалық, аналитикалық, ұйымдастыру-басқару және педагогикалық қызмет саласында ілгерілеуіне ықпал етеді.
Докторанттардың алған құзыреті академиялық және кәсіптік білім шеңберінде әр түрлі білімдерді жұмыс берушілер талаптарына, доктор дәрежесіне ие жоғары бағаланатын потенциалды, академиялық және кәсіби білім сәйкес келетін зерттеулермен жұмыс істеу қабілетті:
– Жоғары оқу орындарында оқытушылық, ғылыми қызметкер;
– Ұйымдарда топ – менеджер, басшы;
– Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының қызметкері;
– Бизнес коммуникацияларды қалыптастыру және өзгерістерді басқару бойынша маман;
– Ақпараттық – аналитикалық орталықтарда кеңесші, сарапшы;
– Консалтингтік және ғылыми – зерттеу ұйымдарында сарапшы.

Ералина Эльмира Маратовна

PhD, “Менеджмент” кафедрасының меңгерушісі, “Тұран” университеті

жұм.тел.: 8(727)2604026

E-mail: e.eralina@turan-edu.kz

Skip to content