Дөңгелек үстел «Алматы қаласы және Алматы облыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды жетілдіру мәселелері»

 In Жаңалықтар

1 қараша 2017 жылы «Тұран» университетінде Алматы қаласы және Алматы облыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Негізгі спикерлер болып сөз алғандар бірінші курс «Туризм» мамандығының магистранттары Беркимбаев Т, Глущенко Д., эдвайзер-кураторлар Алиаскаров Г.С., Хаджиев А.Х.
«Туризм», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтарының бірінші курс студенттері белсене қатысты.
Дөңгелек үстел ашық пікірталас түрінде, конкурс, интерактивтік ойындар элементтерін және отандық және әлемдік атақты бизнес-кейстердің талдаулардын қолдану арқылы формалды емес атмосферада, жемісті өтті.
Әрбір қатысушы өзін кәсіпкер ретінде сомдауға, жобаның жасампаз директоры ретінде қалалық тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту туралы идеяларымен бөлісуге мүмкіндік алды.
Конкурстық ойындар нәтижесінде келесі жүлделі орындар анықталды:
1-ші орын – «Easy travel» тобы.

2-ші орын – «Дерби» тобы.

3-ші орын – «Team Sky» тобы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Recent Posts
Skip to content