«Sirius Cup» Turan халықаралық пікірталас турнирі – жыл сайын өткізілетін турнир, бұл американдық форматтағы парламенттік пікірталастардың ережелеріне сәйкес өткізіледі. Қатысушылар өзекті тақырыптарды екпінді талқылау барысында сөзшеңдігі, логикалық тұрғыдан сөйлеу қабілеті, өз ойын айғақтау және дәлелдеу шеберлігі бойынша сайысқа түседі. Қатыса алады:
- Қазақстан Республикасы жоо-лар студенттері;
- «AlmatyDebateCenter» мүшелері;
- Қазақстан Республикасының 9-11 сынып оқушылары;
- экс-дебатерлер.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және жүлделермен марапатталады. Пікірталас сабақтары көпшілік алдында сөйлеу қабілетіне, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, елдің әлеуметтік-саяси, экономикалық және рухани өміріне қатысты мәселелерге деген қызығушылықтың өсуіне үлесін қосады.