Жыл сайынғы «Үздік түлек» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау жарияланады!
Жыл сайын «Тұран» университеті «Тұран-Зерде» түлектер қауымдастығымен бірлесіп «Үздік түлек» конкурсын ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысуға 4 курс студенттері (5 курс – «Режиссура») және өтінім берген сәтте GPA 3.5 орташа балы бар2 курс магистранттары шақырылады.
Байқау 2 кезеңде өтеді:
1 кезең – іріктеу: 12.04.2021-07.05.2021
2 кезең – қорытынды: 17.05.2021-30.06-2021
Жеңімпаздарға «Үздік түлек» атағы, «Тұран» корпорациясында әрі қарай оқу жеңілдіктері, сертификат және естелік сыйлық беріледі!
Өтінім беруге арналған құжаттар тізбегі, өтінім үлгісі және сұрақтар үшін байланыстар конкурс сайтында орналастырылған: http://student-award.tilda.ws.
Өтінімдерді беру мерзімі: 7.05.2021 жыл.
Recent Posts