ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде оқу бітірген шетел азаматтарын қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу негізінде жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 25 тамызы аралығында жүзеге асады.

Шет ел азаматтарына «Тұран» университетінің бакалавриат білім беру бағдарламарына түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Түрлі-түсті фотосуреті бар орыс тілінде толтырылған өтініш (анкета-өтінім);
  • Білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус жүзеге асырады;
  • Жеке басын куәландыратын құжат және оның нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен). Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус жүзеге асырады;
  • Білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі;
  • Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлік;
  • № 086-у денсаулық жағдайы туралы анықтама (АИТВ, безгек, нәжіс анализдері);
  • Колледж дипломына апостиль қою (орта арнайы білім алушылар үшін);
  • 3*4 фотосурет — 6 дана

Шетелдік білім беру ұйымдары берген талапкердің білімі туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіп бойынша нострификациялау рәсімінен өтеді.

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы өтініш берген кезде орталыққа/ХҚКО-ға келесі құжаттар қоса беріледі:

  1. Білім туралы құжаттарды тануға өтініш;
  2. Білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері (білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге), аударманы растауды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус жүзеге асырады;
  3. Жеке басын куәландыратын құжат және оның нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен). Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус жүзеге асырады;
  4. Білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі;
  5. Уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) және қызмет алушының заңды өкілі жүгінген жағдайда оның өкілеттіктігін куәландыратын құжат;
  6. Төлем туралы түбіртек.
Skip to content