Магистранттар мен докторанттардың “Жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері” ғылыми семинары»

 In Жаңалықтар

2021 жылдың 16 сәуірінде құқық ҒЗИ “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасы жанынан магистранттар мен докторанттардың “Жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері”атты кезекті ғылыми семинары өтті.

Семинарда «Гражданско-правовое регулирование некоммерческих организаций в Республике Казахстан: основные направления совершенствования гражданского законодательства РК»,  атты проблемалық тақырыптар қарастырылды, баяндамашы Фариза Жанғалиқызы Қамбарова, “Құқықтану” мамандығының 1 курс докторанты, ғылыми жетекшісі з.ғ.к., доцент С.А. Сарина; «Проблемы противодействия коррупции в Республике Казахстан», баяндамашы Меруерт Серікқызы Мұқанова, “Құқықтану” мамандығының 1 курс магистранты, ғылыми жетекшісі з.ғ.к., доцент Д.А. Оспанова.; «Проблемы деятельности прокуратуры в развитии цифровизации уголовного процесса»,  баяндамашы Думчебаева Камила Едиковна, “Құқықтану” мамандығының 1 курс магистранты, ғылыми жетекшісі з.ғ.к., доцент Г.Т. Алаева; «Защита прав интеллектуальной собственности в Республике Казахстан», баяндамашы Сеитов Иса Сулейманулы,” Құқықтану ” мамандығының 1 курс магистранты, ғылыми жетекшісі з.ғ.к., доцент С.А. Сарина.

Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қылмыстық-құқықтық, криминологиялық шараларынан бастап зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың құқықтық шараларын жетілдіруге дейінгі қазіргі заманғы проблемалардың кең ауқымы қаралды. Прокурорлық қадағалауды және қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді цифрландыру проблемалары ерекше қызығушылық пен пікірталас тудырды.

Recent Posts
Skip to content