МАГИСТРАТУРА
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ
Магистратура – кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үш сатылы оқыту жүйесінің «бакалавриат – магистратура – PhD докторантура» екінші кезеңі. Магистратурада оқу қазақстандық және халықаралық компанияларда табысты ғылыми-зерттеу, педагогикалық, тәжірибелік-конструкторлық және инновациялық қызметті жүзеге асыруға қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
Кәсіби жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарлама сізге нағыз кәсіпқой маман болуға, заманауи міндеттерді шешуге, алған білімдері мен дағдыларын заманауи бәсекелестік ортада, басқару және ғылыми-зерттеу қызметінде басшылыққа алуға мүмкіндік береді.
ТҰРАН МАГИСТРАТУРАСЫ: ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ
«Тұран» университеті магистрінің дипломы – мемлекеттік үлгідегі диплом, ол тек қана іргелі дайындықты ғана емес, сонымен қатар жетекші қазақстандық және шетелдік жетекші компанияларға жұмысқа орналасу кезінде жоғары баға беретін инструменталдық білім мен дағдыларды де береді, бұл біздің түлектеріміздің жоғары біліктілігін көрсетеді.
ТҰРАН ” УНИВЕРСИТЕТІ МАГИСТРАТУРАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ»
МАГИСТРАТУРА БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
Білім беру саласы | Дайындық бағыты | Білім беру бағдарламалары | Мамандандыру | Оқу мерзімі |
7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 7M021 Өнер | Режиссура | Режиссура | 2 жыл, 1 жыл |
Операторлық өнер | Операторлық өнер | |||
7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат | 7M031 Әлеуметтік ғылымдар | Халықаралық қатынастар | Халықаралық қатынастар | 2 жыл, 1 жыл |
Психология | Практикалық психология | |||
Құқық психологиясы | ||||
7М032 Журналистика және ақпарат | Журналистика | Журналистика | ||
7M04 Бизнес, басқару және құқық | 7M041 Бизнес, басқару және құқық | Экономика | Экономика | 2 жыл, 1 жыл |
Менеджмент | Менеджмент | |||
Менеджмент:
Инновациялық кәсіпкерлік |
||||
Есеп және аудит | Есеп және аудит | |||
Есеп және аудит: Мемлекеттік аудит | ||||
Қаржы | Қаржы | |||
Қаржы: Қаржылық менеджмент | ||||
Маркетинг | Маркетинг | |||
Маркетинг: Маркетинг және нарықтық талдау | ||||
Іскерлік әкімшілік | МВА | |||
EМВА | ||||
7M042 Құқық | Құқықтану | Құқықтану | ||
Халықаралық құқық | ||||
7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | Ақпараттық жүйелер | Ақпараттық жүйелер | 2 жыл, 1 жыл |
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету | |||
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету: бағдарламалық инженерия | ||||
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету: ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялық желілер | ||||
7M11 Қызметтер | 7M111 Қызмет көрсету саласы | Туризм | Туризм |
2 жыл, 1 жыл |
МАГИСТРАТУРАНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ОҚУ МЕРЗІМІ
Ғылыми және педагогикалық (білім берудің алдыңғы деңгейі – бакалавриат немесе жұмыс тәжірибесіз жоғары арнайы білім), оқу мерзімі – 2 жыл.
Бейіндік (білім берудің алдыңғы деңгейі – бакалавриат немесе жоғары арнайы білім), оқу мерзімі – 1 жыл, 1,5 жыл.
Оқу түрі: күндізгі.
Оқыту тілдері: қазақ, орыс.
Академиялық дәрежесі:
Ғылыми-педагогикалық магистратура: MSc ғылым магистрі (тиісті мамандық бойынша).
Бейіндік магистратура: магистр (тиісті мамандық бойынша).
МАГИСТРАТУРАҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
Ағымдағы жылдың 15 маусымынан 15 шілдесіне дейін университеттің қабылдау комиссиясына қажетті құжаттар пакетін тапсыру қажет.
Ағымдағы жылдың 3 шілдесінен 25 шілдесіне дейін университеттің қабылдау комиссиясына қажетті құжаттар пакетін тапсыру қажет.
- Ректордың атына өтініш;
- Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі (қосымшаларымен дипломдар));
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Суреттер 3×4 (6 дана).
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (бұдан әрі — № 907 бұйрық));
- Жалпы еуропалық құзіреттіліктерге (стандарттарға) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).
Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Шетелдік білім беру ұйымдарында білім алу туралы құжаттарды алған тұлғалар магистратураға түсу үшін білім туралы құжаттарды тану немесе нострификаттау рәсімінен өтуі керек. Шет тілінде ұсынылатын жоғары білім туралы құжаттардың қазақ/орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
Қабылдау емтихандары 1 тамыздан 15 тамызға дейін, қабылдау – 28 тамызға дейін өткізіледі.
Оқуға түсушілер кешенді тестілеуді магистратураға тапсырады
қазақ немесе орыс тілінде оқыту
- Шет тілі бойынша тест (таңдау бойынша: ағылшын, неміс немесе француз тілі)
- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (таңдау бойынша: қазақ немесе орыс тілі)
- Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест (таңдау бойынша: қазақ немесе орыс тілі)
ағылшын тілінде оқыту
- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (таңдау бойынша: қазақ, орыс немесе ағылшын тілі)
- Ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест
шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша
- Шет тілі бойынша тест (таңдау бойынша: ағылшын, неміс немесе француз тілі)
- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (таңдау бойынша: қазақ немесе орыс тілі)
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан келесі тілдер бойынша босатылады:
• Ағылшын тілі:
TOEFL ITP –543-тен кем емес
TOEFL IBT – 46-дан кем емес
TOEFL PBT – 453-тен кем емес
TOEFL PDT – 65-тен кем емес
IELTS – 6.0-тен кем емес
• неміс тілі:
DSH (Niveau С1/ С1 деңгейі)
TestDaF-Prufung (Niveau C1/ С1 деңгейі);
• француз тілі:
TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес
DELF – В2 деңгейі
DALF – С1 деңгейі
TCF – 400 баллдан кем емес
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссиясы тексереді.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ПРЕРЕКВИЗИТ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Магистратураға түсу кезінде магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білім берудің білім беру бағдарламасына сәйкес келмеген жағдайда, магистрантқа оны игерудің алғышарттары белгіленеді. Үміткерлерге оларды өз бетімен игеруге және түсу емтихандарын тапсырғаннан кейін ақылы негізде емтихан тапсыруға рұқсат етіледі. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша пререквизит бағдарламалары тиісті кафедралармен жасалынады.
Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша Пререквизиттер тізбесі мен бағдарламасы:
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРДЫҢ СҰРАҚТАРЫ
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ТҮСУ (БІЛІМ ГРАНТЫ)
Білім беру гранты бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде магистратураға конкурстық негізде кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:
Ғылыми-педагогикалық магистратура үшін-кемінде 75 балл;
Білім беру гранты бойынша ағылшын тілінде магистратураға оқуға конкурстық негізде кешенді тестілеу бойынша кемінде 50 балл жинаған тұлғалар қабылданады.
ҰТО ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
- ҚР БҒМ “Ұлттық тестілеу орталығы” РМҚК
- 010011 Астана қ., Победа даңғ, 60
- СТН 600300086081, БСН 000140001853
- ЖСК KZ536010111000001515
- БИК HSBKKZKX, КБЕ 16
- «Қазақстан Халық банкі» АҚ
- 8292 теңге.
БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
телефон – 8 727 260 40 04
e-mail – postgraduated@turan-edu.kz
410 кеңсе
Our history
Nullam ut tempor eros. Donec faucibus, velit et imperdiet aliquam, lacus velit luctus urna, vitae porttitor orci libero id felis. Aliquam ut arcu id dui aliquam accumsan. Aliquam lobortis odio at diam rhoncus, ac sollicitudin nisi pretium. Maecenas metus urna, tincidunt ut tincidunt vel, volutpat in eros. Ut sagittis, purus eu placerat sollicitudin, orci justo hendrerit diam, in ultricies magna lectus id metus. Nunc consequat congue accumsan.
Our vision
Nullam ut tempor eros. Donec faucibus, velit et imperdiet aliquam, lacus velit luctus urna, vitae porttitor orci libero id felis. Aliquam ut arcu id dui aliquam accumsan. Aliquam lobortis odio at diam rhoncus, ac sollicitudin nisi pretium. Maecenas metus urna, tincidunt ut tincidunt vel, volutpat in eros. Ut sagittis, purus eu placerat sollicitudin, orci justo hendrerit diam, in ultricies magna lectus.
Nullam ut tempor eros. Donec faucibus, velit et imperdiet aliquam, lacus velit luctus urna, vitae porttitor orci libero id felis. Aliquam ut arcu id dui aliquam accumsan. Aliquam lobortis odio at diam rhoncus, ac sollicitudin nisi pretium. Maecenas metus urna, tincidunt ut tincidunt vel, volutpat in eros. Ut sagittis, purus eu placerat sollicitudin, orci justo hendrerit diam, in ultricies magna lectus id metus. Nunc consequat congue accumsan.

Cras tristique turpis justo, eu consequat sem adipiscing ut. Donec posuere bibendum metus. Quisque gravida luctus volutpat. Mauris interdum, lectus in dapibus molestie, quam felis sollicitudin mauris, sit amet tempus velit lectus nec lorem. Nullam vel mollis neque.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque quis eros lobortis, vestibulum turpis ac, pulvinar odio. Praesent vulputate a elit ac mollis. In sit amet ipsum turpis. Pellentesque venenatis, libero vel euismod lobortis, mi metus luctus augue, eget dapibus elit nisi eu massa. Phasellus sollicitudin nisl posuere nibh ultricies, et fringilla dui gravida. Donec iaculis adipiscing neque, non congue massa euismod quis.
Our Achievements

Nullam ut tempor eros. Donec faucibus, velit et imperdiet aliquam, lacus velit luctus urna, vitae porttitor orci libero id felis.