Егер сіз дербес, жауапты және өз көзқарасыңызды қорғай білсеңіз, әрқашан жұмыс пен ақшамен болғыңыз келсе, онда ол үшін ең қызықты және қажет мамандықтардың бірі – есеп пен аудит мамандығы.
Магистратурада “Есеп және аудит” мамандығы бойынша оқыту кәсіпорындардың қаржылық қызметін болжау және бақылау, есеп, талдау және аудит саласында терең білім алуға мүмкіндік береді; ресурстарды тиімді пайдалану және ықтимал резервтерді анықтау тәсілдерін қолдануға; қаржылық және салық есептілігін жасауға мүмкіндік береді. “Есеп және аудит” мамандығы бойынша магистр дәрежесін алғаннан кейін сіз менеджерлердің кез келген командасында маңызды буын боласыз, ғылыми зерттеулер жүргізіп, педагогикалық қызметті жүзеге асыра аласыз.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІ:
ғылыми және педагогикалық магистратураны бітіргеннен кейін – “Есеп және аудит” мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі
бейіндік магистратураны бітіргеннен кейін – “Есеп және аудит” мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі атағы беріледі.
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі:
2 жыл-ғылыми және педагогикалық бағыт
1 жыл – бейіндік бағыт

Кафедра мамандарды үш тілде оқытуды қамтамасыз етеді: мемлекеттік, орыс және ағылшын.

Білім беру бағдарламасының мамандануы:

ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНДАҒЫ  ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІ

 

 

 

 

 

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНДАҒЫ  ҰЙЫМДАРЫНЫҢ   ЕСЕБІ МЕН АУДИТІ

– мамандық бойынша практикалық-бағытталған мамандандырылған модульдер мен курстар;
– Қазақстанның кәсіби бухгалтерін сертификаттау кезінде оқылатын «Қаржылық есеп» және «Басқару есеп» пәндері бойынша кәсіби сертификаттар алу мүмкіндігі;
– кәсіпкерлік модульдер мен пәндер өз ісін ашуға және табысты басшы болуға мүмкіндік береді;
– халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Халықаралық аудит стандарттары негізінде есеп пен аудиттің үздік халықаралық тәжірибелерін оқып үйрену;
– салалық есептің ерекшеліктерін зерттеу негізінде жұмысқа орналасу перспективасын кеңейту мүмкіндігі;
– Блумберг-терминалдың алдыңғы қатарлы халықаралық аналитикалық платформасы негізінде қаржы-талдау пәндерін меңгеру қаржылық жоспарлау мен болжауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА

МІНДЕТТІ МОДУЛЬДЕР (ПӘНДЕР)

  1. Ғылым тарихы мен философиясы
  2. Шет тілі (Кәсіби)
  3. Педагогика
  4. Психология
  5. Қаржылық есеп (сертификатталған курс)
  6. Магистрлік зерттеу технологиясы

ЭЛЕКТИВТІ МОДУЛЬДЕР (ПӘНДЕР)

Мамандық бойынша Модульдер

Жобалық менеджмент

  • Менеджмент
  • Жобаларды басқару

Тереңдетілген экономикалық талдау

  • Экономикалық талдау
  • Өндірістік саладағы экономикалық зерттеулер әдістемесі

Тереңдетілген қаржылық талдау

  • Қаржылық талдау
  • Экономиканың қаржы саласындағы экономикалық зерттеулер әдістемесі

Тереңдетілген Басқару есебі

  • Басқару есебі
  • Контроллинг

Ұйымдағы қаржылық басқару 

  • Қаржылық менеджмент
  • Шығындарды басқару

Өндірістегі бақылау және стратегиялық есеп

  • Бухгалтерлік есеп теориясы мен әдіснамасы
  • Стратегиялық жоспарлау және өндірістік процестерді есепке алу
  • Аудит теориясы

Қаржылық есеп пен есептіліктің перспективалық мәселелері

  • Халықаралық бухгалтерлік есеп
  • ХҚЕС іс жүзінде қолдану
  • Қаржылық ақпаратты ашу

Тереңдетілген аудит

  • Аудиттің халықаралық стандарттары
  • Өндірістік қызметтің аудиті

Салық аудиті

  • Аудит
  • ҚР-да салықтық әкімшілік ету

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша БЕЙІНДІК МАГИСТРАТУРА

МІНДЕТТІ МОДУЛЬДЕР (ПӘНДЕР)

  1. Шет тілі (Кәсіби)
  2. Менеджмент
  3. Психология
  4. Магистрлік жобалау технологиясы
  5. Жобаларды басқару

Мамандық бойынша модульдер 

Тереңдетілген басқару есебі

  • Басқару есебі (сертификатталған курс)
  • Контроллинг

Ұйымдағы қаржылық басқару

  • Қаржылық менеджмент
  • Шығындарды басқару

Биктеубаева Алия Сарманова, “Есеп және аудит” кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, сертификатталған бухгалтер-практик

 

 

 

 

Ержанов Мухтар Салтаевич,  экономика ғылымдарының докторы, профессор, сертификатталған аудитор, Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасының мүшесі, аудит бойынша бірқатар жарияланымдардың авторы, оның ішінде импакт-факторлы басылымдарда

 

 

 

 

Арышев Василий Андреевич, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, басқару есеп және компания құнын бағалау бойынша бизнес-тренер және жетекші оқытушы

 

 

 

 

 

 

Иванюк Татьяна Николаевна, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, экономикалық және қаржылық талдау бойынша оқу құралдарының авторы

 

 

 

 

Оналтаев Дархан Оналтаевич, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, ислам қаржысы бойынша оқу құралдарының авторы. РЖА-ның ғылымы және біліміне еңбегі сіңген қызметкер

 

 

 

 

 

Досаева Әлия Жұрқабайқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, тәжірибелі бухгалтер, қаржылық есеп және аудит бойынша бірқатар жарияланымдардың авторы, оның ішінде импакт-факторы бар басылымдарда

 

 

 

Барышева Салима Кожахметовна, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, қаржылық есеп және басқару есебі саласындағы маман

 

 

 

 

 

Бекова Раушан Женисовна, PhD докторы, доцент, кәсіпорын экономикасы және статистика бойынша жарияланымдардың авторы, оның ішінде  импакт-факторы бар

 

 

 

 

 

Файзуллина Светлана Айгалиевна,  экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, тәжірибелі бухгалтер, қаржылық есеп бойынша жарияланымдардың авторы, оның ішінде импакт-факторы бар

 

 

 

 

 

 

Ержанова Алма Мухтаровна, экономика ғылымдарының кандидаты, PhD, салықтық есеп бойынша мақалалар авторы, оның ішінде импакт-факторы бар

 

 

 

 

 

Бозгулова Назым Амирбековна, магистр, салықтық есеп және қаржылық есеп  бойынша мақалалар авторы, оның ішінде импакт-факторы бар

 

 

 

 

 

Жексембина Алия Ерликовна, экономика ғылымдарының кандидаты, салалық есеп бойынша маман. Қаржылық ұйымдарда практикалық жұмыс тәжірибесі бар бас маман.

 

 

 

 

 

Оразалинова Майра Сагидолдаевна, PhD докторы, қаржылық есеп және бизнес-талдау саласындағы маман, басқару есеп бойынша жарияланымдардың авторы, оның ішінде  импакт-факторы бар

 

 

 

 

 

«Есеп және аудит» мамандығында оқитын студенттер бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы танымал тұлғалардың мастер-класстарында кездеседі:

Ерошкина Валерия Константиновна, Бухгалтер және аудитор Ассоциациясының жетекшісі, САР халықаралық кәсіби бухгалтер, ҚР-ның кәсіби бухгалтері

 

 

 

Алимбетов Нурлан Орынбасарович, Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы директорлар Кеңесінің төрағасы, «Тұран» университетінің түлегі

 

Камалов Александр Ильясович, Сбербанк АҚ басқарма төрағасы

 

 

 

 

 

Шмидт Ольга Иосифовна, кәсіби бухгалтер, «ҚР аудиторлар палатасы» кәсіби аудиторлар ұйымы Кеңесінің мүшесі , Қазақстан Республикасында аудиторларды аттестациялау бойынша  «ҚР аудиторлар палатасы» ПАО Біліктілік комиссиясының төрағасы

 

 

Ким Татьяна Феликсовна, кәсіби аудитор, “Rödl & Partner” халықаралық аудиторлық компаниясының бас директоры,  “Тұран”университетінің магистратура түлегі

 

 

 

Сатпаев Марат Темирханович, “MARSAT” аудиторлық компаниясының басшысы, салық кеңесшісі

“Есеп және аудит” кафедрасының білім алушылардың практика базасын ұсынудағы серіктестері – Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер Палатасы, сертификатталған жариялы бухгалтерлер Еуразия институты, кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар Қауымдастығы, оқытушыларға көмек көрсететін көптеген ұйымдардың нақты және қаржы экономика секторы бойынша  кәсіби сертификаттау.

Біздің негізгі серіктестеріміз:

 

 

Екі дипломдық бағдарламалар мен академиялық мобильдік бойынша бағдарламалар аясында студенттер ұсынылатын таңдау серіктес жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады:

Университеттер

  1. University of Applied Sciences (Германия)
  2. МГУ им. М.В.Ломоносова (Ресей, қ. Мәскеу),
  3. SolBridge International School of Business (Оңтүстік Корея),
  4. Экономический Университет (Болгария, қ. Варна).
  5. Шяуляйский университет (Литва)
  6. Graduate School of Management in Barcelona (Испания, қ. Барселона)
  7. University of Kuala Lumpur (Малайзия, қ. Куала-Лумпур)
  8. Богемия Орталық Университеті (Чехия, қ. Прага)
  9. Санкт-Петербургтік мемлекеттік экономикалық университет (Ресей, қ. Санкт-Петербург)
  10. Экономика және дағдарысқа қарсы басқару институты (Ресей, қ. Мәскеу)
  11. Istanbul Arel University (Түркия, қ. Стамбул)
  12. University of Pécs (Венгрия, қ. Будапешт)

Жетекші технопарктер және компанияның

  1. «Skolkovo» (г. Москва, Россия)
  2. Almaty Tech Garden (ПИТ «Алатау»)
  3. ID-Group Халықаралық кәсіпкерлік академиясы
  • Студенттік өмір – бұл ең керемет уақыт. Бұл ең қызықты және ұмытылмас студенттік жылдар. Бұл уақыт романтикаға, қамқорлыққа толы.Студенттік өмір көптеген қуаныш әкеледі. Алдымен адам өзінің студент болғанын білгенде қуанады, содан кейін ол жаңа достар мен таныстар жасайды. Сессиядан сессияға дейін студенттер көңілді өмір сүреді. Одан бөлек бірге қанша қызықты сәттерді бастан кешіреді.

Кәсіпқой есеп және аудит саласында мүмкіндігі бар:

  • Әр түрлі салалы ұйымдарда және қызмет бағыттарында табысты кәсіби бухгалтер болуға
  • Аудит саласында карьера жасау
  • Қаржы-экономикалық талдау және жоспарлауға көмектесу
  • Есеп және салық салу саласында кеңес беру бойынша қызмет көрсету
  • Салықтық декларацияны толтыруға көмектесу
  • Интернет желісі мен мамандандырылған бухгалтерлік бағдарламалар қашықтан пайдалана отырып жұмыс жасау
  • Бір мезгілде шағын бизнестің бірнеше ұйымдарына қызмет көрсету, табысты ұлғайту

Менде іс тәжірибе бола тұра,сондай-ақ бірнеше кәсіби сертификаттарыммен магистратурада білімімді  жалғастырдым. Бірақ, есеп және аудит саласында магистратурада оқу терең жүйелі білім алуға және дамытуға мүмкіндік береді. Менім ойымша, осы университетті таңдауым өте дұрыс болған. Лекция оқыған  кафедра профессорларын өте ыстық сезіммен есіме алып отырамын және әр сабақ бізге  өте көңілді өтетін.

Қазіргі таңда мен «Rödl&Partner»аудиторлық компаниясын басқарамын және «Туран» университетінің «Есеп және аудит» мамандығын тамамдаған түлектерін жұмысқа орналасуына көмектесемін, себебі осы университеттің білім беруі өте сапалы екеніне сенімдімін.

«Туран» университетінің оқытушыларына алғысымды білдіремін, себебі олар сұранысқа ие маман болып шығуымызға көмектеседі.

Ізгі ниетпен, Ким Татьяна

Мен мамандық және университетті таңдауыма еш күмәнім болмады. Бухгалтерлік есеп-заңдылықты, ақпараттық технологияларды талап ететін  қызықты мамандық.

Бұл мамандық талантты және алдына қойған мақсатына жету, сондай-ақ сұранысқа ие 

мамандықтардың бірі, себебі бухгалтер кез-келген компанияларға  тіпті өте кіші ұйымдарға қажет  маман.

«Туран» университетінде өткен студенттік өмірім өте қызықты болды: білімді, дарынды оқытушылар, қызықты сабақтар, «Тау-Туран» сауықтыру кешеніне бару, әртүрлі ғылыми конференциялар, дөңгелек столдар өте жөғарғы деңгейде өткізілетін, айта берсем өте көп…

Осы мамандықта оқу мен үшін өте қызықты болды, біз халықаралық стандарттар негізінде бухгалтерлік есептің барлық  қыр-сырын оқып үйрендік, сондықтан жұмысқа орналасу мен үшін қиындыққа соқпады. Университетті аяқтаған соң мен «Карлсберг» компаниясына бухгалтер болып жұмысқа орналастым, ал қазір «Туран» университетіне магистратураға оқуымды жалғастыруды жоспарлап отырмын. 

Мен «Туран» университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушыларына өте ризамын, оларға болашақта дамып өркендеуіне тілектеспін.

Ізгі ниетпен, Баукеева Молдiр

Биктеубаева Алия Сармановна, «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі
Жұмыс телефоны: +7(727) 260-40-27 (ішкі.726)
Пошта адресі: a.bikteubayeva@turan-edu.kz

Skip to content