7M06102 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Қазіргі таңда программист мамандығы өте қажетті. Алдымен бұл компьютерлік технологиялардың және Интернеттің дамуымен байланысты болып келеді. Мұндай мамандар мәтіндік редакторлерді, сайттарды, ойындарды, видеобақылау жүйесі, сигнал беруді әртүрлі программалармен өңдеу үшін жұмыс жасайды.
Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Шон Паркер, Торвальдс Линус… бұл тұлғалар программалау саласында ерекше таланттарымен атақты болды. Мұндай ортадағы жұмыс ер адамдарға арналған, бірақ бірінші программист болып әйел адам саналады. Ол атақты ағылшын ақыны Байронның қызы – Ада Лавлейс. Оның арқасында есептеулерді басқарудың бірінші амалдары пайда болды, олар әлі күнге дейін программалауда қолданылады.
Академиялық дәрежесі: магистратура
Оқу түрі: күндізгі,
- Программалық инженерия
- Желілер мен жүйелерді басқару
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету » мамандығының студенттері ақпараттар теориясы, компьютер архитектурасы, есептеу жүйелерін ұйымдастыру, мәліметтер базасының негіздері, жүйелік программалық қамтамасыз ету, компьютерлік және инженерлік графика, Internet –технология, компьютерлік желілер, сандық модельдер, экономикадағы математикалық тәсілдерді басқарудың модельдері мен әдістері, экономикалық теория, операциялық жүйелер, программаларды өңдеудің инструменталды құралдары, компьютерлік жүйелердің интерфейстері туралы білімді игере алады.
Кафедраның барлық түлектері жұмысқа орналастырылады және табысты жұмыс жасайды, Қазақстанның ірі компанияларында және шет елдерде жұмыс жасайды: жүйелік және қолданбалы программистер, жүйелік администраторлар, программалық және ақпараттық жүйелерді жобалау бойынша мамандар, web-дизайнерлер және т.с.с.
Міндетті пәндер
Қазіргі Қазақстан тарихы
Философия
Шет тілі
Қазақ (орыс) тілі
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
Алгоритмизациялау және программалау
Электроника
Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектурасы
Сандық схемотехника
Жүйелік программалау
Программаларды өңдеудің инструменталды құралдары
Элективті пәндер
Операциялық жүйелердің негіздері
Мәліметтер базасы
Компьютерлік ақпаратты қорғаудың тәсілдері мен құралдары
Технология мультимедиялары
Мобильдік қосымшаларды өңдеу
Жасанды парасат жүйелері
Web-технологиялар
MS Windows Server платфорасында желілерді басқару
Инфотелекоммуникациялық жүйелерді аппараттық қамтамасыз ету
Телематика (Samsung)
Компьютерлік желілер
Технологиялық стартаптардың дамуы
Куандыкова Джанна Рискуловна – «Кино және еледидар академиясы» факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, 40-тан астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік жұмыстары мен құралдары бар. Оқылатын пәндері: «Алгоритмдеу және бағдарламалау», «Деректер қоры».
Утегенова Анар Урантаевна – «Компьютерлік және бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент, 40-тан астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік жұмыстары мен құралдары бар, оның ішінде 8 мақаласы Scopus және Clarivate Analytics деректер базасына кіретін Халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған (Хирш-4 индексі). Оқылатын пәндері: «Магистрлік зерттеу технологиясы», «Компьютерлік инженерия», «Компьютерлік желілер», «Телематика», «Компьютерлік желілерді жобалау және сүйемелдеу», «Телетрафик және желілерді жоспарлау».
Утепбергенов Ирболат Төремұратұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі (Мәскеу қ.), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі. «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының иегері, 170-тен астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері, оның ішінде 20-дан астам оқу құралдары бар. Оқылатын пәндері: «Жобаларды басқару», «Басқару модельдері мен әдістері», «Геоақпараттық технологиялар».
Кубеков Болат Сальмуханович – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, 60-тан астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік жұмыстары мен құралдары бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен марапатталған. Оқылатын пәндері: «Бағдарламаларды әзірлеудің аспаптық құралдары», «Онтология және білім беру», «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу технологиялары», «Бағдарламалық инженерия».
Ахметов Бақытжан Сражатдинович – техника ғылымдарының докторы, профессор. 168-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектердің, патенттердің, соның ішінде 5 монография мен 7 оқу құралының авторы. Ғылыми қызығушылық саласы – энергия үнемдеуші технологиялар, ақпаратты қорғаудың биометриялық тәсілдері, білім беру мен басқаруды ақпараттандыру мәселелерімен байланысты. Оқылатын пәндері: «Желілік технологиялар», «Үлкен деректерді талдау және технологиялар».
Киселева Ольга Владимировна – PhD, доцент. Оның 29-дан астамы еңбектері бар: өнертабысқа 2 инновациялық патент, 1 мақаласы Thomson Reuters импакт-фактор 0,69 базасына кіреді; 5 мақаласы Scopus базасына кіреді; 3 мақаласы РИНЦ базасында. Оқылатын пәндері: «Алгоритмдеу және бағдарламалау», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (ағылш. “бұлтты есептеу негіздері”).
Кашаганова Гүлжан Бахытовна – PhD, доцент. Оқылатын пәндері: «Деректерді беру технологиялары мен құралдары».
Студенттер өндірістік тәжірибені келесі ұйымдарда өтуге мүмкіндіктері бар:
ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялар институты
ЖШС «Технопарк «Алатау»
АҚ «НАТ Казахстан»
«DAR ecosystem» компаниясы
АҚ Ұлттық ақпараттандырудың орталығы
АҚ Логиком
АҚ Банк Хоум Кредит және Қаржы
АҚ Нұрсат
ЖШС KazPress
ЖШС MobisoftEnterprise,
ЖШС InformConsulting,
ЖШС Компания ElsiTech
ЖШСIcon
ЖШС Медиа Пленинг және т.б
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету » мамандығының студенттеріне академиялық ұтқырлық программасымен шет елдерде екідипломды білімге мүмкіндік беріледі:
Georgia Southern University (USA)
Asia Pasific University of Technology & Innovation (Malaysia)
Циттау-Герлитц Қолданбалы ғылым университеті, Германия
Istanbul Arel University (Turkey)
Кастамону университеті (Turkey)
Балтық халықаралық академиясы (Латвия)
Император I Александр атындағы Петербург мемлекеттік жол қатынастары университеті
Радиоэлектроника, қызмет көрсету және диагнотика институты (Ресей)
Санк-Петербург телекоммуникациялар университеті (Ресей)
Пенза мемлекеттік технологиялық университеті (Ресей)
Мамандық түлектері мемлекеттік және жеке ұйымдар мен кәсіпорындарда есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдейтін, енгізетін және қолданатын әр түрлі облыстарда толығымен талап етіледі, соның ішінде:
Машина жасау | Металлургия | Көлік | |||
Телекоммуникациялар | Ғылым | Білім | |||
Денсаулық сақтау | Ауыл шаруашылық | Банктер | |||
Әлеуетті құрылымдар | Бизнес | Экономика | |||
Әкімшілік басқару | Әртүрлі технологиялармен басқару |
Магистратурада керемет өткізілген екі жыл үшін, үлкен алғысымды білдіремін. Магистратурада оқу – өте қызықты және стандартты емес болды. Әр пән өзінше қолдануға болатындай қызықты болды. Оқытудың арқасында, біз кем дегенде үш бағытта жұмыс істеуге болатын дағдыларға ие болдық: желілік технологиялар, бұлтты технологиялар және геоақпараттық технологиялар. Кафедра оқытушылары мен қызметкерлеріне үлкен рахмет айтамыз, олар бізге көмек көрсетіп, қолдау көрсетті және бізге сенді. Ольга Владимировнаға үлкен рақмет. Ол бізбен бірнеше рет кездесуімізден бас тартпаған ,біздің оқу іс-әрекетімізді жеңілдететін және әр түрлі құжаттарды рәсімдеуді үйретті. Сонымен қатар, білім еліне қызықты саяхат жасауға мүмкіндік берген – Болат Салмұханұлына рақмет.
«Тұран» университетінің кафедрасындағы алдыңғы қатарлы пәндер мен бағыттар бойынша білім беретін тамаша мүмкіндіктері үшін үлкен ризашылығымды білдіремін. Тәжірибе үшін көптеген мүмкіндіктер мен стандартты емес тапсырмалар берілді. Ғылыми іс-әрекет пен оқу үдерісі бойынша әр түрлі нұсқалар ұсынылды. Оқытушылар оқитын пәндерді таңдау бойынша ұсыныстар берді. Жалпы, кафедрамен оның қызметкерлерінің барлық әрекеттері маған барлық қиындықтарды оңай шешуге көмектесті деп айта аламын. Магистрлік диссертацияны жазу кезінде маған көрсеткен көмек үшін Бақытжан Сражатдинович Ахметовке шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздің арқаңызда, мен жұмысты қызығушылықпен жаздым. Сіздің үлкен кәсібилігіңізді атап өтемін, соның арқасында диссертациялық жұмысымды өзгертуге тура келді. Сондықтан, мен сіздің барлық ескертулеріңіздің – жұмыстың неғұрлым ғылыми, кәсіби болу үшін бағытталғанын түсіндім! Мен сізге барлық тілектер мен ескертулеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Болат Сәлмұқанұлы Көбековке жеке рахмет айтқым келеді, оның үлкен көмегі мен қолдауынсыз, сондай-ақ ұйымдастыру мен коммуникациясыз ештеңе болмайтын еді. Оқуға жұмсалған күш-жігеріңіз үшін үлкен рақмет! Сіз сияқты кәсіпқойлардан оқу – өте пайдалы! Оқу барысында алған барлық білімім – менің кәсіби дамуыма көмектесетініне сенімдімін. Практикалық білім беретін өнімді оқыту (тек теориялық ғана емес) – білім деңгейін арттырады. Кафедраның барлық командасына сауатты ақпараттандыру, кеңес беру, көмек және қолдау көрсеткені үшін үлкен рақмет! Университетке өркендеу, игілік және тамаша студенттер тілеймін!
Менің университетпен танысуым, онда оқуды бастағанға дейін басталды, себебі менің ағам «Тұран» университетінде есептеу техникасы мамандығы бойынша оқыды. Мен “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” дайындық бағытын таңдадым, себебі көптеген онжылдықтар бойы түлектер – еңбек нарығында сұранысқа ие болып, тіпті белгілі IT-компанияларда басшылық қызмет атқаратындығын пікірлерден білдім. Осы бағыт бойынша ақпараттық және компьютерлік технологиялар саласындағы кең-бейінді іргелі базалық дайындық жүргізіледі, ол есептеу машиналарын алғашқы есептеу-шешуші құрылғылардан қазіргі заманғы сымсыз технологиялар мен киберфизикалық жүйелерге дейін дамыту мен қолданудың барлық аспектілерін қамтиды. Бұл жерде оқытушылар – өте жас, оқыту теориясы мен тәжірибені біріктіріп, жоғары ғылыми құзыреттілік пен әлеуетке ие. “Тұран” университеті маған тұлға ретінде қалыптасуға, көптеген идеяларды іске асыруға, шетелдік іссапарлармен қызықты жоғары ақы төленетін жұмысқа орналасуға көмектесті. Көп жағдайда жұмыста соңғы мерзім, көптеген тапсырыс беру және бастапқы “бұрмаланған” деректер кезіндегі шиеленісті ырғақ маған студенттік кезден-ақ таныс, сондықтан мен көп жұмыстың бәрін жеңе аламын. «Тұран» университетінің “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” дайындық бағыты бойынша оқыған түлектерге – болашаққа сенімді қарауға, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және мансаптық өсуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұнда оқу – әрі беделді, әрі қызықты.
Бірінші курсқа келгенде, мен бағдарламалау туралы көп нәрсені білемін деп ойладым. Оның бәрі дұрыс емес деп айта алмаймын. Алайда, компьютерлік технологиялар маған бағдарламалау дағдыларына қарағанда аса маңызды нәрсе берді. Сіз бағдарламалай бастағанда, сен әлемді жазықтықта көресің. Факультетте мені кеңірек ойлауға үйретті. Бұл жерде шын мәнінде үйретеді, пайдалы білім береді, бұл білімге аяусыз батуды талап етеді. Және бұл бағыт жалпы әлемнің қабылдауын өзгертеді. Сондықтан кейін сіз өзіңізді тамаша бағдарламашы сезінетініңізге сенімді болыңыз.
«Тұран» университеті, Достық даңғылы 110,
«Кино және Теледидар Академиясы»,
«Компьютерлік және бағдарламалық инженерия» кафедрасы
Утегенова Анар Урантаевна
5 және 6 кабинеттер, e-mail: a.utegenova@turan-edu.kz, utegenova77@mail.ru
+7 (727) 264-63-95
+7 (727) 385-87-65