«Тұран» университетінің медициналық-сауықтыру орталығы
«Тұран» университетінің медициналық-сауықтыру орталығы (МСО) университет құрылған күннен бастап жұмыс істейді және оның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
МСО мақсаты оқу процесін медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, университет студенттері мен қызметкерлеріне көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, олардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.
Міндеттері:
– білім беру процесіне қатысушыларға жарақаттар, өткір және созылмалы аурулар кезінде алғашқы көмек көрсету;
– білім беру процесіне қатысушылардың науқастануы мен жарақаттануының алдыналу бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
– білім алушылар мен қызметкерлердің санитарлық мәдениетінің деңгейін арттыру бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
– университетте оқу процесін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық жағдайларының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
– ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз ету.
Қызметтің негізгі бағыттары:
-Білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу.
– Университет қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және нығайту бойыншаіс-шаралар өткізу.
– Университетте оқу процесін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық жағдайларының белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау.
Өз қызметінде ҚР заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерін, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру саласындағы актілерді, «Тұран» университетінің даму стратегиясын, университеттің сапаны қамтамасыз ету саясатын және МСО сапа саласындағы мақсаттарын, жарғысын басшылық қаалады.
МСО жұмысы медициналық-сауықтыру орталығы туралы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
МСО штаттық құрамына: медициналық-сауықтыру орталығының меңгерушісі Родионова Татьяна Николаевна, медбике Манабаева Перизат Женисхановна кіреді
Жұмыс кестесі: 10.00-ден 17.00-ге дейін, № 108 кабинет
Өзекті ақпарат.
Сайттың бұл бөлімінде коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай туралы өзекті ақпарат және қызметкерлер мен студенттерге коронавирустық инфекцияның алдыналу бойынша ұсыныстар жарияланады

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖЕДЕЛ ЖЕЛІСІ –
(1406), 8 7172 768 043