Студенттер үйіндегі орындар демалысты қоспағанда, белгілі бір оқу кезеңі ішінде тұру үшін тұрғын үйге мұқтаждарға (әлеуметтік-қорғалмаған адамдарға, ҚР басқа өңірлерінен келген адамдарға және шетел азаматтарына) бөлінеді.
Орындарды бөлу кезінде бірінші кезекте білім алушылардың келесі санаттарының өтініштері қаралады:
жетімдер;
мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, соның ішінде I және II топтағы мүгедектер;
мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға түскен 1 және 2 курс студенттері;
көп балалы отбасынан шыққан студенттер;
алыс облыстардан және аудандардан келген 1 және 2 курс студенттері (толық оқу мерзіміндегі университеттің ішкі гранттарының иегерлеріне қолданылмайды);
академиялық ұтқырлық аясында алмасу бойынша білім алушылар;
университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан және сабақ үлгерімі жақсы студенттер.