2021 жылғы 29 мамырда «Тұран» университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тіл – достықтың алтын көпірі ” республикалық білім беру онлайн-акциясын өткізеді.

Іс – шара қоғамдық ағартушылық жоба болып табылады, оның мақсаты – барлық ұрпақтың назарын қазақ тілін үйренуге аудару, сауаттылық деңгейін үнемі арттыру және күнделікті өмірде және кәсіби салада сауатты сөйлеудің маңыздылығын сезіну.

«Тіл – достықтың алтын көпірі» – еріктілер күшімен өткізілетін жыл сайынғы коммерциялық емес қоғамдық жоба. Акцияның амбассадорлары – театр қайраткерлері, эстрада, кино және теледидар жұлдыздары, дипломаттар мен жазушылар, журналистер мен спортшылар.

Акция аясында өз ана тілін үйренгісі келетіндердің барлығына диктант жазылады. Іс-шара синхронды түрде ҚР-ның әртүрлі қалаларында 2021 жылғы 29 мамырда сағат 11.00-де өтеді. Мәтіннің авторы белгілі жазушылар, публицисттер, философтар, әдебиеттанушылар, аудармашылар, журналисттер (классиктер де, замандастар да) бола алады. Мәтінді айтып жаздыру үшін танымал мәдениет өкілдері, соның ішінде бұқаралық, сонымен қатар мектептер мен университеттердің оқытушылары, кітапхана қызметкерлері шақырылады.

Жоба бір ай ішінде өтетін бірнеше онлайн-іс-шаралардан тұрады:

* диктант жазу;

* филологтың диктанттағы ең қиын жағдайлар мен жиі кездесетін қателіктер туралы пікірі;

* диктант мәтінінің авторымен шығармашылық кездесу;

* үздік оқушыларды марапаттау.

Акция абсолюттік еріктілік, анонимдік және тілектестік қағидаттарында өткізіледі. Сондай-ақ жобаның филологиялық компонентінің ғылыми негізін атап өту маңызды. Тілдік құзыреттілікті арттыру оңай емес, бірақ ол қажет және қызықты. Іс-шара қазақ тілінде сауатты жазуды және сөйлеуді жақсы көретін және білетін, оны дәріптейтін, отансүйгіштікке және ана тілі үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелейтін барлық адамдарды біріктіреді.

Біздің серіктестер:

ДИКТАНТ ОҚЫРМАНДАРЫ:

Skip to content