Түркияның Алматы қаласындағы Бас Консулы Али Риза Акынджы мырза Тұран университетінде лекция оқыды
Тұран университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы Diplomat клубының ұйымдастыруымен «Diplomacy in рractice» апталығы аясында 2021 жылдың 1 маусым күні Түркияның Алматыдағы Бас Консулы Али Риза Акынджы мырзамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Бас консул «Қазақтан мен Түркия мәдени байланыстарының жаңа кезеңі» тақырыбында дәріс өткізді. Али Риза Акынджы мырза, Қазақстан мен Түркия елдерінің арасындағы байланысқа жоғары баға беріп, екі мемлекеттің қарым-қатынасы бауырластық пен ортақ құндылықтарға негізделгендігін атап өтті. Дәріс барысында кәсіби дипломат ретінде Али Риза Акынджы мырза студенттерге елшілік қызметтің қыр-сыры мен дипломатиялық қызметтің ерекшеліктері туралы тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңы, өзара сұрақ-жауапқа ұласып, алғыс білдірумен аяқталды.