“Тұран” университетінде мемлекеттік тілдегі ауқымды онлайн-диктант өтті

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

29 мамыр күні Тұран университетінде «Тіл – достықтың алтын көпірі» білім беру акциясы аясында онлайн-диктант өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қоғамдық ағартушылық жоба болып табылады, оның мақсаты – ұрпағымыздың назарын мемлекеттік тілді үйренуге аудару, сауаттылық деңгейін арттыру және күнделікті өмірде, кәсіби салада сауатты сөйлеудің маңыздылығын сезіну.Диктант мәтінінің авторы, ф.ғ.к., доцент, фантаст-жазушы Кенжеғұлова Нарбинь Смағұлқызы. Ол көптеген беделді байқаулардың лауреаты:

Ағайынды Гонкуров атындағы ғылыми фантастика бойынша халықаралық әдеби сыйлықтың;
Оралхан Бөкей атындағы республикалық әдеби сыйлықтың;
Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық журналистік сыйлықтың;
“Алтын самұрық” журналистика академиясы сыйлығының;
“Дарабоз” халықаралық әдеби сыйлығының иегері.

Акцияға 500-ден астам адам қатысты. Іс-шара еліміздің әртүрлі қалаларын қамтыды, олардың ішінде: Шымкент, Тараз, Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Екібастұз, Павлодар, Семей, Жезқазған, Қызылорда, Орал, Қапшағай, Байқоңыр, Семей, Қарағанды қалаларының қатысушылары бар. Диктантты тек ҚР-да ғана емес, Ұлыбритания мен АҚШ-та да жазды. Диктант барлық жастағы аудиторияны қамтыды. Акцияға тек ғылым мен мәдениет өкілдері ғана емес, мектеп оқушылары, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер, мұғалімдер, медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер және т. б. қатысты.
Акцияның серіктестері:

Алматы қаласы әкімдігі
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
ҚР Ұлттық кітапханасы
Ж.Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы
Қазақстан Жазушылар одағы
М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі
М.Әуезов атындағы академиялық ұлттық драма театры
Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театры
Қалалық кардиология орталығы
«ДАЛА» телефабрикасы ЖШС
8 media
Мир телеарнасы

Диктант мәтінін оқығандар:

М. Әуезов атындағы академиялық ұлттық драма театрының актеры – Жанат Алтайұлы Тыныбаев;
Филология факультеті, Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Тымболова Алтынай Оразбекқызы;
Қалалық кардиология орталығының директоры, Алматы қаласының мәслихат депутаты, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, жоғары санатты кардиохирург – Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы;
Продюсер, журналист – Кенже Жұманұлы;
8 media-ның бас продюсері, тележүргізуші – Дина Төлепберген;
Аудармашы, журналист – Шыңғыс Асқарбекұлы Кіребаев;
Ж.Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының басшысы – Ғазиза Құдайберген;
Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрінің актері, «Алашұлы» тобының солисті Мақсат Рахмет;
Режиссер, театр және кино актері – Калимбетов Қажымұқан.

Диктанттың нәижесі 12 маусымда белгілі болады. Диктант қорытындысы бойынша “үздіктер”анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

«Тілдостықтың алтын көпірі» акциясының

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕРІ

 

05.06.2021 мәтінді талдау үшін филологпенонлайн-кеңес

12.06.2021 үздіктерді марапаттау рәсімі, диктант авторымен шығармашылық кездесу.

Recent Posts
Skip to content