«Тұран» университетінде өткен Ким Юлияның мастер классы

 In Жаңалықтар

2019 жылы 17 тамызда «Тұран» университетінде Ким Юлияның мастер классы өтті. Ким Юлия – халықаралық продюсер, «Almaty Film Festival» атқарушы директоры.

Ю.Ким мастер-классында кино индустрияда мансапты қалай құруға болатынын айтты.

Сондай-ақ, студенттер Юлияның «Үлкен төрттікте» аудитор мамандығынан киноға продюсерлік етуге қалай келгенін, 2011 жылдан бастап қазақстандық фильмдерді халықаралық кинофестивальдерге жылжыту бойынша менеджер ретінде жұмыс істей бастағанын және бүкіл әлем бойынша кинофестивальдармен, шетелдік кино қорларымен және Еуропа мен Азияның ірі продюсерлерімен байланыс орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізгені жайлы білді.

Ол фильмдерді ілгерілетумен айналысты:

2012 – «Студент» Дарежана Өмірбаева – «Особый Взгляд» Канн кинофестивалі, Токио, Бусан, Португалия ХКФ (қазылар алқасының жүлдесі)

2015 – «Жат» Ермек Тұрсынов– Торонто, Австралия, Лондон, Таллин ХКФ

2015 – «Ореховое дерево» Ерлан Нұрмұхамбетов – Бусан кинофестивалінің гран-приі, Варшава, Везуль ХКФ (2 жүлде), Фаджр (Азияның үздік фильмі), «Тұлпар» сыйлығы – «Жыл режиссері» және «Жыл фильмі» және т.б.

Продюсер ретінде:

2018 – «Тұлғалық өсу тренингі» Фархат Шарипова – Продюсер – Бусан  кинофестивалі, Мәскеу ХКФ Гран-приі, Еуразия ХКФ Гран-приі, Гамбург ХКФ

2019 – «Конокрады» – Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан–Жапон ко-өнімі) – Продюсер – фильм  аяқталу сатысында.

Юлия, сондай-ақ Қазақстанның басқа да танымал режиссерлерімен бірге жұмыс жасайды, оларға кеңес беріп, олардың есімдері мен жұмыстарын халықаралық кинофестивальге жылжытады. Юлия Ким қазақстандық киноны шетелдік кино қорларға, кино сыншыларға және кино архивке таныстырады, қазақстандық режиссерлердің ретроспективалары мен шетелде арнайы көрсетілімдерді ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстанмен бірлескен жобаларға ірі шетелдік продюсерлерді белсенді тартады.

Продюсерлік етумен қатар, Юлия 2012 жылдан бастап Қазақстанда кинофестивальдерді ұйымдастыруға көмектесті. 2019 жылдан бастап – «Almaty Film Festival» атқарушы директоры.

Recent Posts
Skip to content