«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «SIRIUS CUP IV» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

2021 жылдың 20 наурыз – 4 сәуір аралығында Тұран университетінде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Sirius Cup IV» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан (Шымкент, Тараз, Орал, Астана, Петропавл, Қарағанды, Аягөз, Талдықорған, Алматы, Алматы облысы) 206-дан астам адам қатысты.

Турнир екі бағытта өтті: студенттер мен мектеп лигалары.

Қазақ тіліндегі студенттер лигасы 2021 жылдың 3-4 сәуірінде өтті. Студенттік қазақ лигасында 1 орынды СДУ университетінің студенттері Арынов Азамат, Жексенбай Мұстафа жеңіп алды.

2 орынды СДУ университетінің студенттері Адамбаева Мақпал, Қайырбекова Анара жеңіп алды

3 орын иегерлері – аль-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Каспий университетінің студенттері Дамир Каримов, Мырзатай Жансерик.

АЭжБУ студенттері Аралбаев Рамазан, Сабыр Алишер 4-орын иегерлері атанды.

Нархоз университетінің студенті Абдукаримова Арайлым «Ең Үздік спикер» номинациясында жеңіске жетті.

«Үздік төреші» номинациясы бойынша UIB студенті – Адашов Асылхан жеңімпаз атанды.

“Үздік спикер” номинациясы бойынша жеңімпаз атанған ҚазҰТУ студенті – Сабырәлі Мирас.

Орыс тіліндегі студенттер лигасы 2021 жылы 27-28 наурызда өтті.

1 орынды ХАТУ университетінің студенттері Набойченко Артем мен Вилемсон Ульяна жеңіп алды.

«Үздік спикер» номинациясы бойынша РУДН университетінің түлегі – Айдынғали Айдин жеңімпаз болды.

«Үздік төреші» номинациясы бойынша ХАТУ студенті Еріков Ұлан жеңімпаз атанды.

Мектеп лигасының дебат турнирі 2021 жылдың 20-21 наурызында өтті.

Мектеп лигасында талапкерлер «Тұран» университетінде оқуға грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.

1 орын мен 4 жылдық грант иегері атанған №202 гимназияның оқушысы Сералиева Адемі.

1 орын мен 4 жылдық грантты Абай атындағы республикалық «Дарын» дарынды балаларға арналған мектебінің оқушысы – Жолшыбек Жансерік жеңіп алды.

2-орынды және 2 жылдық грантты Үшқоңыр гимназиясының оқушылары Арынова Диляра мен Сағидуллаева Шынарай жеңіп алды.

3 орынды және 1 жылдық грантты Үшқоңыр гимназиясы мен ХБН НЗМ оқушылары Жақсиманов Бейбарыс пен Бақыт Нұрахмет жеңіп алды.

4 орынды НЗМ оқушылары Сапан Қасымжомарт, Балтабай Ернар иеленді.

Үшқоңыр гимназиясының оқушысы Базарова Мадина 2 жыл тегін білім алып, «Үздік спикер» номинациясына ие болды.

НЗМ оқушысы Сапан Қасымжомарт «Үздік спикер» номинациясына ие болды.

«Ең үздік төреші» номинациясының жеңімпазы – КазГАСА Университетінің студенті – Алихан Ухан, 10 000 теңгені жеңіп алды.

Барлық ойыншылар лайықты ойын көрсетіп, республикалық деңгейдегі пікірсайыс турниріне қатысуға қуанышты болды!

Recent Posts
Skip to content