«Тұран» университетінің қызметкерлері мен оқытушылар құрамы үшін «Болашақ» Халықаралық Бағдарламалар Орталығының онлайн-брифингі

 In Жаңалықтар

«Тұран» университеті қызметкерлері мен оқытушылар құрамы үшін «Болашақ» халықаралық бағдарламалар Орталығының Онлайн-брифингін ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты – «Болашақ»стипендиясын тағайындау ережелері мен шарттарын түсіндіру. Қатысушылардың барлық сұрақтарына «Болашақ» ХБО президенті Айнұр Бағдатқызы Кәрібозова толық жауап берді. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 мамырда басталып, 2021 жылдың 28 қазанына дейін жалғасады.

Тағылымдама өту ушін қойылатын талаптар:

  • тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруының (қаржылық жағдайларды қоспағанда) болуы;
  • жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде таңдаған мамандану саласында соңғы 12 (он екі) ай;
  • В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттың болуы;
  • бакалавр немесе маман дипломының орташа балы есепке алынбайды.

Болашақ ұсынатын ЖОО тізімі https://www.nur.kz/society/1910679-utverzhden-spisok-zarubezhnyh-vuzov-dlya-obucheniya-po-programme-bolashak/

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда сіз Халықаралық Ынтымақтастық Бөліміне хабарласа аласыз.

Recent Posts
Skip to content