МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

Көптеген студенттер үшін университет уақыты үлкен өмірге алғашқы қадам болып табылады және университеттің міндеті – барлық білім алушылар үшін барынша қолайлы ортаны қамтамасыз ету.

DJI_0518

Университет үш корпуста орналасқан. Студенттік жатақхана бар. 3 футбол алаңы, 3 жабық спорт залы, аэробика залы, бокс залы және хореография залы бар. Заманауи АКТ залы 450 орынға есептелген.

Университет студенттері мен қызметкерлері үшін үш сатылы тамақтану кешені жұмыс істейді, оған банкет залы, 2 асхана, 2 кофехана кіреді.

Университет кітапханасы 600 мыңнан астам ақпарат көздері, оның ішінде 200 мыңнан астам электрондық ақпарат тасығыштарға бай әмбебап ақпарат қоры болып табылады.

21040-200

Бизнес-инкубатор

Университетте студенттердің бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін алғаш рет ашылған бизнес-инкубатор жұмыс істейді. 500-ден астам студент қатысқан байқау жеңімпаздары өз жобаларын жүзеге асыруға арналған жабдықтармен толық қамтамасыз етілген кеңсе алды.

Бизнес-инкубатордың басты міндеті – белсенді өмірлік ұстанымы бар, Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту және жаңғырту, білім беру сапасын және қазіргі заманғы университет түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін кәсіби дағдылары бар бастамашыл, шығармашылық ойлайтын мамандарды дайындау.

Қызметі

2016 жылы “Тұран” университетінде бизнес-инкубатор қызметін жүзеге асыру үшін “Turan Start-App” ЖШС құрылды.

Ұжым

Бизнес-инкубатор ұжымы студенттер, магистранттар, PhD докторанттар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ жаңадан құрылған шағын жеке кәсіпорындар (МИП) қызметкерлерінен құралады.

Іріктеу

Бизнес-инкубатордың қызметі – инновациялық бизнес-идеяларды мониторинг жасап, іріктеу және инкубациялау, инновациялық жобалық қызметке қабілеті бар талантты жастарды анықтау болып табылады.

IT-инфрақұрылымы

Университеттің IT-инфрақұрылымында 600-ден астам дербес компьютерлер бар. Ішкі жүйе қуатты сервер көмегімен жұмыс істейді. “Тұран” университеті Edurоam жобасына қосылған Қазақстан Республикасындағы бірінші жоғары оқу орны болды. Бұл университет студенттері мен қызметкерлеріне әлемнің 54 елінің кез-келген жоғары оқу орнында өзінің корпоративтік логинімен тегін Wi-Fi пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Алматы қаласына сапары кезінде шетелдік жоғары оқу орындарынан келген “Тұран” университетінің қонақтары да сымсыз интернетке тегін қосыла алады.

Студенттік өмір

“Тұран” университетінде студенттердің демалысы мен бос уақытын өткізуге арналған орындар көп. Барлығына ыңғайлы отыратын орындар мен үстелдер бар екі кофехана, дәмді тағам түрлері көрсетілген екі асхана және шахмат пен үстел теннисі бар арнайы “Chill out” аймағы ашық.

Skip to content