Халықаралық отбасы күні» мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты өткізілді

 In Жаңалықтар

«Тұран» университетінде 2017 жылдың 12 мамыры күні «Халықаралық отбасы күні» мерекесіне арналған «Қазақ және шет тілдері» кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистры Ахметқалиева Ләззат Жанатқызының ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға «Қаржы» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Аталған топ қазақ, кәріс, ағылшын ұлтының отбасына қатысты салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетті. Ашық тәрбие сағатына «Қазақ және шет тілдері» кафедрасының оқытушылары қатысып, өз пікірлерін білдіріп, студенттерді жоғары бағалады.

Recent Posts
Skip to content