Turan University

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

«Қаржы» кафедрасының оқытушылары үнемі өзінің кәсіби деңгейін, әдістемелер, пәндерді оқыту тәсілдері саласындағы білімі мен дағдыларын жоғарылатады. «Қаржы» мамандығының білім беру бағдарламасы саласындағы құзыреттілікті игерудің табыстылығы, оның ішінде оқытушы мен білім алушының оқу процесінде өзара іс-қимылын ұйымдастыруға байланысты.

16 мамыр 2019 жылы «Казинтерсервис» Фирма» ЖШС тренинг орталығы және Бизнестің жоғары мектебі өткізген «Білім беруге арналған шешімдер. Оқыту үдерісіндегі инновациялық технологиялар» атты семинар-тренингті  Мұсаханова А. Н., Шайхутдинова А. К., Пралиева С. Ж. сәтті өтті.

Оқытушылардың алған біліктілігі оқу үдерісіне «Қаржы» және «Сандық қаржы» бағдарламалары шеңберінде оқытудың инновациялық технологияларын енгізуге мүмкіндік береді.