Инклюзивті білім беру

 

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар студенттер үшін келесі жағдайлар жасалған:

– студенттердің өтініші бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу үдерісі ұйымдастырылды;

– студенттердің өтініші бойынша ерекше білім қажеттілігі сабақ кестесін құрастырғанда ескеріледі (бірінші қабатта және т. б.);

– кітапханада да, үйде де оқу үшін оқулықтарға қолжетімділік бар, сондай-ақ оқу-әдістемелік материалдар электронды нұсқада ұсынылады;

– оңтайлы жеке білім траекторияларын алу үшін ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттерге мүмкіндік беріледі;

– қажет болған жағдайда жеке дайындық кестесі жасалады.

Университетте мүмкіндігі шектеулі адамдардың физикалық қолжетімділігіне арналған құралдар бар:

– ішкі және сыртқы баспалдаққа пандус;

– санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар;

– медициналық-сауықтыру орталығы;

– есту қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ақпараттық көрсеткіш тақта (табло);

– арнайы бөлінген автотұрақ;

– мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған лифт;

– есту қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған арнайы құлаққаптар;

– аудиокітаптар, диктофондар.

Skip to content