24 ақпанда “Тұран” университеті мен АҚ“ Казтелерадио” арасындағы серіктестікке ресми бастау берілді. Сол күні “Тұран” университетіндегі STEM Бизнес-мектебінің студенттерінен құралған зерттеушілер тобының АҚ “ Казтелерадио” басшылығымен бірінші кездесуі болды.
Қаңтар айының соңында зерттеуші -студенттер Қазақстанның алыс және шалғай аймақтарын сапалы жерсеріктік ғаламтормен қамтамасыз ету маселесін шешуге міндетті жобаның негізін салды. Бір айлық жұмыстан кейін оларды кездесуге шақырды. Ол жерде нәтижелі іскерлік кездесу мен дөңгелек үстел үстіндегі қызу талқылау күтіп тұрды.
Іс-сапар кезінде компания ғимаратының ішінде қызықты экскурсия өткізілді, сонымен қатар HR -директоры Кудайбергенова Гульназ Кудайбергеновна компанияның мақсат-міндеттері, компаниядағы жас мамандардың өсу мүмкіндіктері мен перспективалары жайлы әңгіме қозғады және де әркім өзін досшыл ұжымның маңызды бөлігі ретінде сезіне алатындай жағдай жасаудың тәжірибесімен бөлісті .
Ары қарай зерттеушілер өз жұмыстарын компания басшылығына, атап айтқанда , АҚ “Казтелерадио” басқарма төрағасына, басқарма төрағасының орынбасары – коммерциялық директорына, сату орталығының және тұтынушыларды қолдау директорына және маркетинг қызметінің басқарушысына ұсынды.
Презентацияны талқылай отыра , компания басшылары STEM бизнес- мектебінің жас зерттеушілер тобымен кең ауқымды серіктестікті бастау туралы шешім қабылдады.
Студенттерге олардың зерттеулеріне жоғары бизнес мектебінің директоры және компанияның академиялық менторы – Нажмитдинов Ахадхон Хамидханович көмек көрсетеді.
Кездесуден кейін студенттер басқарма төрағасының жеке өз қолынан естелік сыйлықтар алды.
Біздің студенттеріміздің жобасы ұзақ мерзімді серіктестікке мықты серпін береді деген сенімдеміз!