Bosch-Siemens басшылығынан STEM бизнес мектебінің студенттеріне арналған мастер-класс

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

4 наурызда «Халықаралық бизнес» пәні аясында Bosch-Siemens компаниясының бас директоры және сату директоры Гокташ Уфук пен Елена Тен мастер-класс өткізді.

Ағылшын тіліндегі бағдарламалар факультетінің (STEM Бизнес мектебі) 3-курс студенті Мария Сахова өзінің әсерімен бөлісті:

«Бизнес-практиктермен іс-шараларды ұйымдастыру әрдайым қызықты, олар бізге тек теорияларды ғана емес, сонымен қатар өз тәжірибелеріне сүйене отырып үйреткенін айтқым келеді. Бүгін бізге Bosch-Siemens компаниясының дамуы мен қалыптасу тарихын өз саласының екі керемет маманы айтты.

Кездесу барысында біз мынаны білдік:

– компания дамуының бастапқы кезеңдерінде кездескен қиындықтар және оларды қалай жеңуге болатындығы туралы;

– қалыптасу кезеңінің оң және теріс жақтары туралы;

– қызметкерлердің менталитетіндегі айырмашылықтар және оның нәтижесі қандай болуы мүмкін;

– әлбетте, біз бәрін қызықтыратын тақырыпты талқыладық, олар: бір жыл бұрын енгізілген карантин, бизнестің әртүрлі деңгейіндегі  тәуекелдер, салдарларды жою үшін компания қабылдаған шешімдер және қазіргі уақытта қандай алдын-алу шараларын енгізу керек.

Біз болашақ түлектер ретінде, бәсекеге түсу оңай болмайтын жоғары технологиялар ғасыры – 21 ғасырдың қызметкері қандай болуы керек деген сұраққа, кәсіби мамандардың пікірлері қызықтырды …

Сарапшылардың бірінші атап көрсеткені, қызметкерге талап етілетін 2 маңызды қасиеттері: «flexibility» (икемділік) және «adaptability» (бейімділік). Бүгінгі күні барлық ірі компаниялар Agile жүйесін қолдануға тырысады, бұл бірінші кезекте барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және командамен бірге жұмыс жасау дағдылары шешуші рөл атқаратын командалық жұмысқа алып келеді, ал біз үйреніп қалған пирамида құрылымы, шеңбер құрылымымен алмастырылады.

Спикерлер  шабытпен  бөліскен, бұл нәрселер- сәтті бизнестің маңызды стратегияларының бірі.

Мұндай тәжірибе үшін топ-менеджерлерге өте ризамыз, олардан пайдалы ақпарат пен білімді тыңдау және үйрену қызықты болды ».

Қане, алға ұмтылайық, достар, бізде бұдан да қызықтар көп болады!

Recent Posts
Skip to content