Мемлекеттік гранттар

Конкурсқа қатысу үшін таңдалған төрт мамандық көрсетілген өтініш беріледі.  Әрбірінің жанына ЖОО-ның коды көрсетіледі. Конкурс мынандай түрде өтеді – талапкер алдымен тізімдегі бірінші мамандық бойынша қатысады, егер өтпей қалса, екінші мамандық бойынша қатысады және т.б. Осылайша, талапкердің тізімі былай жасалуы тиіс: алғашқы екі мамандық «арман» санаты, сол, сіздің бәрінен көбірек оқығыңыз келетін. Соңғы екі мамандық – «тұрақтылық», яғни, сіз грантқа анық өтетін.

 

Гранттар конкурсы әрбір өтініште көрсетілген мамандығы бойынша жүргізіледі, ЖОО коды Білім және ғылым Министрлігіне белгілі бір университетке ақша қаражатын аудару үшін  көрсетіледі.

 Мемлекеттік гранттар университеттер арасында алдын-ала бөлінбейді, тек, сол немесе басқа жоғары оқу орындарына конкурс өткізілгеннен кейін талапкерлер арасында мамандықтары бойынша ғана беріледі. Сондықтан, мемлекеттік жоғары оқу орындарында ешқандай жеңілдіктер жоқ болғандықтан, жеке меншік және мемлекеттік оқу орындары бәсекелестік жағдайда бірдей болады.

Ректордың гранты

Ректордың ішкі білім беру гранты жыл сайын ішкі конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жыл сайын тағайындалады. Конкурс нәтижесі бойынша келесі гранттар беріледі:

1 ОРЫН  4 жыл тегін оқу
2 ОРЫН 2 жыл тегін оқу
3 ОРЫН 1 жыл тегін оқу

Ректордың грантын беру шарттары:

  1. Конкурсқа ҰБТ/ТКТ бойынша 60 балл және одан жоғары балл жинаған тұлғалар жіберіледі.
  2. Конкурстық іріктеу 25 шілде мен 16 тамыз аралығында кестеге сәйкес өткізіледі.
  3. Ректордың грантына үміткерді мамандық бағыты айқындайтын пән бойынша (төртінші пән бойынша ҰБТ/ТКТ) ішкі тестілеуге тек 1 рет жіберіледі.
  4. Ректордың грантына арналған конкурстың өлшемдері: ішкі тестілеу нәтижелері; аттестаттың орташа балы; ҚР БҒМ бекіткен халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысуы; ҰБТ/КТ сертификаттары бойынша балл көрсеткіштері; «Тұран» университетінің  пәндік сайыстар мен олимпиадаларға қатысуы.

Ескерту! Конкурсқа қатысуға жазылу қабылдау комиссиясында 15 шілдеден басталады.

«Алтын белгі» төсбелгі иелеріне

«Алтын белгі» иегерлеріне (ҰБТ-дан 95 баллдан кем емес) барлық оқу кезеңіне тегін білім ұсынылады

ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша жеңілдіктер

Бесінші пәнді есептемегенде ҰБТ және КТ нәтижелері бойынша сертификатқа берілетін университет жеңілдіктері

125 балл немесе одан да көп баллға – «Тұран»университетінің гранты

120-124 балл – (екі жыл) тегін оқу

115-119 балл – бірінші жыл тегін оқу

105-114 балл – бірінші оқу жылына 50% жеңілдік

95-104 балл – бірінші оқу жылына 30% жеңілдік

85-94 баллов – бірінші оқу жылына 20% жеңілдік  

75-84 баллов  – бірінші оқу жылына 10% жеңілдік

Ескертпе: жеңілдіктер қарау кезінде ҰБТ / ТКТ қорытындысы бойынша (шығармашылық емтихан бойынша ұпайды қоспағанда) тек төрт пәннен ұпайы ескеріледі.

Басқа жеңілдіктер

– «Тұран» лицейінің түлектеріне (ҰБТ бойынша 100-ден кем дегенде 70 ұпай болған жағдайда) бірінші оқу жылының құнына 30% жеңілдік беріледі.

– жақын туыстығы бар студенттерге (ата-аналарын, туған бауырларын) растайтын құжаттар болған кезде 10% жеңілдік беріледі.

– (ата-анасыз қалған) жетімдер және I, II және III топтағы мүгедектерге  растайтын құжаттары болған жағдайда (5-тен артық емес орынға)  10% жеңілдік беріледі.

– Университетінің зияткерлік іс-шараларға, конкурстарға қатысушыларға және жүлдегерлерге белгіленген мөлшерлерге сәйкес күндізгі оқу бөлімінің бірінші оқу жылына жеңілдіктер беріледі.

 «EdTech» Халықаралық білім орталығының түлектеріне өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес оқу ақысының бірінші жылына  30% көлемде жеңілдік беріледі.

Skip to content