«Sanaly Urpaq» мектебінің онлайн дәріс сабақтары
Қазақстан Республикасында қазіргі таңдағы өзекті мәселелерінің бірі- “Сыбайлас жемқорлық”. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. Осы мәселемен күресу барысында көптеген жобалар, іс-шаралар жүргізіліп жатыр. «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының з.ғ.к. А.А. Аралбаева және з.ғ.м. Д.А. Бакиров сынды оқытушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Тұран» университетінің «Sanaly Urpaq» мектебінің онлайн дәріс сабақтарын өткізуге ат салысты. Сонымен қатар, алғыс хаттарымен марапатталды.